Аудандық дін саласындағы ақпараттық насихаттық топ ауыл тұрғындарымен кездесуі.

Аудандық дін саласындағы ақпараттық насихаттық топ ауыл тұрғындарымен кездесуі.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Пионер ауылында кездесу.

Кездесуге аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Бегалиев, аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғ.Әмірбеков, «Сәтпай-ата» мешітінің молдасы Т.Оңғарбаев, ауылдық округ әкімі А.Алдашев қатысты.

Аталмыш іс-шарада ауылдық округ әкімі - А.Алдашев келген қонақтармен таныстырып, алғашқы сөзді аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Әмірбеков Ғайырфулла Қуанышбекұлына берді.

Аудан имамы өз сөзінде жиынға қатысушыларға бүгінгі күннің басты тақырыбы аудан аумағындағы соның ішінде ауыл тұрғындары арасында дін саласы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

         Ауыл тұрғындарының діни сауаттылығын көтеру үшін ауыл имамдары мешіттерде және басқада жиындарда кеңінен ақпараттар беріп, насихаттау қажеттілігін айтты, сонымен қатар, сөзіме дәйек болатын, өзімізбен бірге алып келген «Атадан қалған асыл сөз», «Кім едім, кім болдым?», «Тәубеңе кел» бейне роликтер көрсетілді.

Т.Оңғарбаев-«Сәтпай-ата» мешітінің молдасы сөз алды:

Құрметті жиыналысқа қатысушы жамағат! Менің айтарым, мектеп оқушылары арасында түрлі қылмыстарға бармауға діни жолға бет бұрған, яғни қазіргі таңда мешітке барып жүрген оқушылар өте тәрбиелі болып келеді.

Оған дәлел жоғарыда көрсетілген бейнероликте жақсы мен жаманның, бар мен жоқтың ара салмағы адамзаттың тәубесіне келтіреді.Осы мақсатта ауыл азаматтарының діни сауаттылықтарын арттыруымыз қажет, ол дін жолына түскен әрбір азамат өз отбасынан бастап, жалпы қоғамға тәрбие береді деп сенемін.

Олай дейтінім, ислам діні адамзатты ең бірінші тәрбиелікке және тазалыққа тәрбиелейді. Дегенмен біздің басты мақсатымыздың бірі қазіргі таңда елімізде теріс пиғылдағы дін өкілдері көбейіп кетті. Сол мақсатта азаматтарды, соның ішінде жастарды өзге дін жетегінде кетпеу мақсатында дұрыс түсінік беруіміз қажет.

Орындаған: Т.Оңғарбаев-«Сәтпай-ата» мешітінің молдасы. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: