- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 5002
Қартын сыйлаған ел бақытты.
Қоғамда жанымызға батар түрлі оқиғалар орын алуда. Бүгінде Қазақстанның бүкіл қалаларында жұмыс істеп тұрған қарттар үйі сол көп қасіреттің бірі дер едік.
Қарты бар үйдің қазынасы бар деген қазақ, қашан да қартын ардақ тұтқан халық. Қартын сыйлаған, анасын ардақтаған ел азбайды да тозбайды. Ондай үрдісті біз ұрпақтан ұрпаққа жалғап, сабақтастырып отырсақ, ұтарымыз көп. Қасиетті Рамазан айында «Һибатулла Тарази» мешіт-медресесі Тараз қалалық №1 Қарттар үйінен 13 және №2 Қарттар үйінен 15 адам шақырып, әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған жалпы саны 28 адамға ауызашар беріп, осы дәстүріміздің тағы бір озық үлгісін көрсетті.


15 Тамыз 2026
1 Раби-авваль 1448
