МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өте жомарт жан еді, ал Рамазан айында мүлдем ерекше жомарт болатын. Ол туралы хазреті Айша анамыз (р.а.): «Алланың Елшісі (с.а.с.) өте жомарт болатын. Ал рамазан айында одан да ерекше жомарттық көрсететін», - деген. Демек, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үмметі болған баршамыз үшін де Рамазан айында ерекше жомарттық танытқандығымыз жөн.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

 Пайғамбарымыздың хадисінде «Ораза ұстаған кісілерді ауызашарға шақырған адамдарға ораза ұстағандай сауап беріледі»деген. Осы қағиданы бекем ұстанған жамағат шын ықыласымен бес уақыт намазын қаза қылмай, ораза ұстауды парыз санаған. Әрі шамасы келіп жатса, ораза ұстағандарды ауызашарға шақыруды да ұмытпаған.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Кеше мың айдан артық қасиетті Рамазан айының Қадір түні болды. Бұл түннің басқа түндерден ерекшелігі  мол. Осы түнде Алла Тағала жер бетіне мейірімділік бөлейді. Осындай үлкен қадірге ие түнде Мойынқұмдықтар құлшылықпен Алладан дұға тілеп өткізді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Құран Кәрімнің «Бақара» сүресінің 185-аятында: «Рамазан-адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсе бастаған ай»-делінеді. Ал «Қадір» сүресінің 1-аятында: «Анығында, біз Құранды Қадір түні түсірдік»-делінген. Яғни, Қадір түні адамзат баласына ең асыл қазына-Құран, Құранмен бірге ең зор бақыт-иман тарту етілген түн. Қасиеті мол бұл түнді ата-бабаларымыз айрықша қадірлеген. Оның әр сәтін қайырлы санағандықтан, бұл түні ұйқыны ұмытып, құлшылыққа, жақсы істерге ден қойған. Халқымызда: «Әр келгенді Қыдыр деп біл, әр түніңді Қадір деп біл»-деген сөз осыдан қалса керек-ті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Осыдан үш ай бұрын 41 жастағы Каменка ауылының тұрғыны Жаңыл Мұқашева бауырдағы қатерлі ісікпен Алматыдағы №7 емханаға жатқызылды. Қалқамандағы оташылар мемлекет берген 200 мың долларға ота жасау үшін дені сау адамның бауыры қажет екенін жасырмады. Сонда ажал аузында жатқан анасын өлімнен арашалап алып қалу үшін он тоғыз жастағы Айсұлу өз бауырын беруге белін бекем

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Облыстық дін істері басқармасы мамандары ауданның  ауылдық округтерінде діни ахуалды бір апта бойы зерделеу нәтижесінде осындай байлам жасады. Зерттеу жұмыстарына басқарма қызметкерлерімен қатар облыс орталығынан үш дінтанушы маман қатыстырылды.