Колледж студенттерімен кездесу

Колледж студенттерімен кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен, ішкі саясат бөлімінің қолдауымен аудан орталығындағы «Береке» гуманитарлық-экономикалық колледжінің бітіруші түлектерімен кездесу өтті.

Кездесуге аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы, дінтану магистрі Д. Жандосұлы, ішкі саясат бөлімінің бас маманы А. Бірімқұлов қатысты. Жиын барысында Д. Жандосұлына сөз беріліп, дін маманы жастарымыздың өз-өздеріне қол салып, бұл дүниемен қоштасуы бұл күнде әлемдік дертке айналып отырғандығын, еліміздегі күн аралық оқиға болып кеткендігін қынжыла жеткізді. Осындай жайсыз оқиғалардың орын алуына басты себеп иманның әлсіздігі. Дәлірек айтқанда имани тәрбиеде дей келе, имандылықтың шарттарын, оның ішінде тағдырға риза болу мәселесі қозғалған жиында аманатқа қиянат жасамау керектігі де айтылды. Жиында ата-анаға құрмет – балаға жүктелетін міндет екендігін, дінімізде тыйым салынған темекі, арақ сынды зиянды заттардың адамның денсаулығына тигізер зардаптары кеңінен түсіндірілді. Жас жеткіншектер арасында белең алып отырған зинақорлық мәселесі де назардан тыс қалмады. Сонымен қатар діни білім алудың артықшылықтары және де кез-келген адамнан діни білім алуға болмайтындығын, ҚМДБ тарапынан бекітілген имамдардан діни сауат ашу керектігі баса айтты Д. Жандосұлы.

Жиында қазіргі таңда қоғамда жиі орын алып жатқан ешбір жауапкершіліксіз үйленіп, ажырасулардың жиілеп кеткендігі, дініміздегі некенің тәртібі мен маңыздылығы, ажырасудың себеп-салдары мен алдын-алу жолдарыда назардан тыс қалмады.
Шара барысында қоғам көкейінде жүрген, кейінгі кездері қоғамымызда орын алып жатқан дін атын жамылып, түрлі лаңкестік атаулы әрекеттерге барып, ел тыныштығын бұзатын топтар мен асыл дініміздің құндылықтары жайлы уағыздар айтылды. Кездесу соңында студентер бірнеше көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: