Т. Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраевтың ұйымдастыруымен балалар күніне орай «Облыстық туберкулезге қарсы санаториі» балалар үйінің жүзге жуық тәрбиеленушілеріне уағыз оқып, қайрымдылық жасады.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адамдардың ең қайырлылары – адамдарға көбірек пайда әкелгендері» дейді. Ал, өмір қиыншылығына тап болған адамдарға қол ұшын беріп көмектесу баршамыздың міндетіміз. Өйткені, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) бар арман тілегі мен мақсат мұраты адамзатқа тигізер жәрдемі мен қызметі болатын. Әрбір исі мұсылман осы қағиданы ұстанса елімізге Жаратушының мейрімі, берекеті жауатыны анық. Жаратушы барша бауырларымыздың жасаған қайрымдылығын қабыл еткей.
Аталмыш әс-шарада сондай-ақ, балаларға дастархан жайылып, оларға сыйлықтар табыс етілді. Әр балаға тазалық үшін қажет бұйымдар, танымдық ертегі кітаптар және спорт заттары сый ретінде ұсынылды.
Әбілда Мейірханов әскери зейнеткер Құлан ауылы