МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жылына бір рет келетін мың  айдан да қайырлы болған Қадір түнін құлшылықпен, жамағатпен қарсы алу үшін еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін «Һибатулла Тарази» мешітіне жиналғаны соншалық, мешіттің іші мен сырты адамдарға лық толды. Тұмса табиғат та ерекше күйге бөленіп, қасиетті түнді айрықша әсерлендіріп тұрғандай.  Бұл бәрімізді қуантты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Мінекей, көптен асыға күткен құт айы Рамазан да өзінің соңғы күндерін өткізіп, қасиеті мол Қадір түніне жеттік. Алла Тағала оны берекелі етті, онда Құранды түсіріп, басқа түндерден  ерекшеледі.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Биылғы Рамазан айын тәуелсіз еліміз, мешіттеріміз үлкен игі іс-шаралармен, атап айтар болсақ түрлі қайырымдылық акцияларын ұйымдастырумен  өткізуде.

Жыл сайын  «Һибатулла Тарази» орталық мешіті жағдайы төмен отбасыларға, мүгедектер мен көп балалы аналарға, мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсетуді дәстүрге айналдырған. Биылғы жылы да бұл көрініс өз жалғасын тауып жатыр.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Аудандық «Қордай» мешітінің имамдары  Рамазан айының басында  кең көлемдегі қайырымдылық жасағаны баршаңызға мәлім. Міне  жомарттық айында да бұл іс өз жалғасын тапты. Олай дейтініміз аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен  қасиеті мол Қадір түнінің құрметіне  әлеуметтік жағдайы төмен, асыраушысынан айырылған отбасыларға, жетім балаларға жалпы 20 отбасына көмек  ретінде азық-түлік  таратылды. 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Бүгін Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылар құрамы мен 30 студенті Тараз қаласының көркін ашып тұрған тамаша ғимараттардың бірі орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің ауласына жиналды. Мұндағы мақсат – қасиетті Қадір түні қарсаңында имандылық үйінің  аула  тазалығына тамшыдай болса да үлес қосу. Иісі мұсылман жұртына мешітке қызмет ету қасиетті де сауапты іс саналатындықтан, жүрегінде иманы, аузында Алласы бар жастар бұл тазалық жұмыстарына өз еріктерімен құлшына араласты.  

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Ардақты Пайғабарымыз(с.а.с.): «Жетімдердің, кедейлердің тіршілігін өз мойнына алған адам, Аллаһ жолындағы мүжаһид сияқты болады немесе күндіз ораза тұтқанның, түнде ғибадат еткеннің сауабына қауышады» деп барша мұсылмандарды жәрдемге мұқтаж болған жандарға қолымыздан келген жәрдемді көрсетуімізге шақырады.