Халықаралық «Балаларды қорғау» күніне орай аудандық «Қаратау» мешітінің ұйымдастыруымен бүлдіршіндер үшін балмұздақ, тәтті шырындар сый-сияпат жасалып, ойын сауықтар ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, Талас ауданы Кеңес ауылы «Абу Бәкір» мешіті жанынан ашылған бір айлық сауат ашу курсы ашылып, өз жұмыстарын бастап та кетті. Ілім іздеп келген шәкірттерге тегін араб әліппесі, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірбаяны туралы кітаптар таратылды. Сауат ашу курсында ақида, ғибадат, сира, Құран әліппесі, талим сабақтары жүргізіледі.
Талас ауданының баспасөз қызметі