Тарауих намазы басталды

Тарауих намазы басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сарыла күткен он екі айдың сұлтаны, қасиетті Рамазан айы да төрімізге енді. Бұл айда мұсылман халқы ораза ұстаумен қатар құптан мен үтір намазының арасында жиырма рәкәғат тарауих намазы оқиды. Сүйікті пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Хақ тағала сендерге оразаны парыз етсе, мен тарауих намазын сүннет еттім. Шын иман және ықыласпен Рамазан оразасын ұстаған және тарауих намазын оқыған адам күнәдан анадан жаңа туған нәрестедей пәк болып тазарады», – деген хадисі бар («Сунәнун-Насаи»). Сондықтан ер және әйел кісінің жиырма рәкәғат тарауих намазын оқуы – сүннет муәккәдә. Тарауих сөзі «дем алу, демалыс» дегенді білдіреді.

Омар ибн Әл-Хаттаб (р.а.) халифалық дәуірінен бастап, мұсылмандар жаппай жамағатпен тарауих намазын жиырма рәкәғат етіп оқитын болды. Омардың (р.а.) бұл үкіміне бірде-бір сахаба (р.а.) әрі кейінгі бірде-бір халифа қарсы шықпады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Омардың (р.а.) көзі тірісінде-ақ ол жәннаты болатыны жайында айтып сүйіншілеген болатын. Ал сол Омар (р.а.) тәрізді сахабаға еруге қатысты дәлел ретінде Расулулланың (с.ғ.с.): «Менiң сүннетiм мен әдiлеттi халифалардың жолына мықтап жабысыңдар!», – деген («Сунәнут-Тирмизи»).
Бүгін де осы бір сүннетті жамағатпен орындауға келген мұсылмандар орталық «Һибатулла-Тарази» мешітін нық толтырды. Барша жұрт бірін-бірі Құран айының басталуымен құттықтап, Алла үйлерінде Құран қатым басталды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла-Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: