Айлардың сұлтаны болған Рамазанда өз құқына еніп, Алла елшісі (с.ғ.с) уәде еткендей жәннәт есіктері айқара ашылды. Аудандық «Қордай» мешітінің Алла нәсіп етсе мүбәрәк айда жоспарлаған игі істері жетерлік. Игі істердің біразы қасиетті айдың алғашқы күндері-ақ табалдырықтан аттады. Тарауих намазы басталып, намазды арнайы шақырылған қарилар жүргізіп, Құран қатымы жасала бастады. Әрбір намазда тәспихтар айтылып, әрбір төрт ракағатта Алла елшісінің хадистері айтылуда.
Сондай-ақ, мүбәрәк айдың алғашқы күні мешіт жамағатына, ақсақалдарға жалпы 80 адамға арнайы ауызашар берілді. Мешіт асханасы лық толып, бас имам Ә. Шалбай жиналған жамағатқа уағыз айтты. Жамағат болып қол жайып, Алланың мейірімі мен рахымы, еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылық үшін дұға жасалынды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі