Күллі мұсылман үмбеті асыға күткен мүбәрәк Рамазан да елімізге келіп жетті. Мешіттерде мұсылман жамағаты тарауихта бас қосып, түнде ауыз бекіттуде. Алланың разылығын көздеген исі мұсылман баласы осы берекелі айда түрлі игі амалдар жасап, жақсылықта жарысуда. Рамазанның алғашқы күні аудандық «Қордай» мешіті игі іс-шарамен Құран айын қарсы алды. «Құл қожа Ахмет Яссауи» қайырымдылық қорының демеушілігімен аудан бойынша 12 асыраушысыз қалған жетім балаларға көмек көрсетілді. «Жерде жетім жыласа, көкте періште қайғырады» – дейді. Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғырпаған қазақ елінің қанға сіңген қасиеті бүгін де көрініс тауып отыр.
Әр бір балаға 38 000 теңгеден үлестіріліп, жалпы қайырымдылық соммасы 456 000 теңгені құрады. Мақсаттамыз жомарттық айы болған Рамазанда осындай қайырымдылықтар өткізіліп, бауырларымыздың бір ғана болса да қажеттілігін өтеу еді. Алла Рамазанда жақсылықпен жарусаға нәсіп еткей!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі