Рамазанның қарсаңындағы имани жүздесулер

Рамазанның қарсаңындағы имани жүздесулер

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының ұжымдарымен ауданымызға қарасты статистика басқармасында және имани кездесулер орын алды. Кездесуге дінтану магистрі, наиб имам Дәуренбек Жандосұлы қатысып, уағыз-насихат жүргізді. Наиб имам мекеме қызметкерлеріне Отанға қызмет етудің сауабы, басшыға бағынудың парыз екендігі, бірлік пен ынтымақтың қадірі, отбасылық құндылықтар мен оларды құрметтеу секілді тақырыптарда ой толғады. Сондай-ақ, қазіргі кезде қоғамымыздың дертіне айналған нашақорлық пен ішімдікке әуестік, ұрлық-қарлық секілді жағымсыз әдеттердің зардаптары жайлы дін қызметкерлері кең тоқталып өтіп, жат ағымдардың зиянын да атап өтті. Әрине кездесудің басты тақырыбы Рамазан айы жайлы болды. Наиб имам қасиетті айдың діни құндылықтарын айтып, әр түрлі жағынан пайдаларында тілге тиек етті. Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының халыққа үндеуімен таныстырып, құттықтауын оқыды. Рамазан айына дайындалған ораза кестесі, діни кітаптар жиынға қатысушыларға таратылды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: