Алты баланың анасы – «Ай адамы»

Алты баланың анасы – «Ай адамы»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біріккен Араб Әмірлігінде тұратын алты перзенттің анасы «Ай адамы» атағына лайық деп танылды. Хор-Факкан қаласынан Әбу-Дабиге жол тартқан Шәрипа әл-Балуши мұсылман әйелі жол-жөнекей көлік апатынан жарақат алған төрт адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалған. Ол осы әрекеті үшін «Emirat Alyoum» басылымының ұйғарымы бойынша «Ай адамы» атанды.

Халифа бен Заида көшесінде көлік апатына кез болған ол көлігін тастай сала көмекке ұмтылған. Кейіннен белгілі болғандай, орта және ауыр деңгейде миы шайқалған деп анықтама берілген азаматтарға алғашқы медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, жедел жәрдем қызметкерлері келгенше қастарында болған.

«Осы қайырымды қадамы үшін оған алғыс айтып, марапаттауды жөн көрдік. Жазатайым оқиға оның кезекшілігінен тыс кезде әрі өзге ауданда орын алған»,- дейді аталмыш басылымның бас редакторы Сәми әл-Риами.

Дубайлық «Emarat Alyoum» осы аймаққа белгілі араб тілінде жарық көретін, таралымы көп басылым болып табылады. Алғаш рет 2012 жылы қоғамның дамуына үлес қосқандарды марапаттау, олардың еңбегін ескеру мақсатында «Ай адамы» деген сыйлықты тағайындаған болатын.

 

 date20.11.2013printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz

мұсылман қызымұсылман қызыБАӘБАӘалғашқы көмекалғашқы көмек

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: