Жиддада қажылық қызметкерлерін дайындау орталығы ашылады

Жиддада қажылық қызметкерлерін дайындау орталығы ашылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қажылық істері жөніндегі министрлік Жидда қаласында қажылық пен ұмраны (кіші қажылық) ұйымдастыру саласында жұмыс істейтін адамдар үшін арнайы дайындық орталығын ашуды жоспарлап отыр. Қажылық істері жөніндегі министрдің көмекшісі әрі тренинг супервайзері Мұхаммед Симсимнің сөзіне қарағанда, аталмыш орталық қажылық парызын өтеуге немесе ұмраға келген қажыларға сапалы қызмет көрсетумен айналысатын мемлекеттік шенеуніктер мен қызметкерлерді дайындайтын болады.

Бұл орталық қасиетті екі мешіттің қамқоршысы король Абдолланың әмірімен және вице-премьер Салманның пәрменімен ашылатынын айта кету керек. Салман өз сөзінде мұндай орталықтың қажеттілігіне тоқталып, осы жобаны қолға алғандарын жеткізді.

Мұнда жоғары білікті мамандар жұмыс істейтін болады. Бұған қоса, ол келесі жылғы қажылық маусымына білікті мамандарды дайындауда көмек көрсететін саудиялық және шетелдік сарапшылармен ынтымақтасады.

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: