Мұсылман жігіті жылдың ең жас көсемі деген атаққа ие болды

Мұсылман жігіті жылдың ең жас көсемі деген атаққа ие болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Австралияда тұратын арғы тегі кашмирлік мұсылман осы елдің «ең жас көсемі» деп танылып, 2014 жылы Сиднейдегі университет жанынан ашылған бизнес-мектептің шәкіртақысын алатын болды.

«Бұл – мен үшін үлкен мақтаныш. Мен бұл сыйлығымды жансарайымның төрінен орын алған туған жерім Кашмирге тарту етемін»,- дейді 34 жастағы данышпан Омар Хан Kashmir Reader ақпарат көзіне берген сұхбатында.

«Мен жиырма жылдай Австралияда тұрсам да Кашмирді бір сәтке де ұмытқан емеспін»,- деді ол сөзін сабақтап.

Оған 60 000 доллар мөлшеріндегі шәкіртақыны AustralianFinancialReview (AFR) тиесілі BOSS журналы мен Сидней университетінің бизнес мектебі тапсыратын болды.

Бұған қоса, Омар Хан BOSS жас көсемдерінің бағдарламасына мүше болып, басшылық қызметке баулитын «Көсемдер ланчесі» деп аталатын ең беделді әрі белгілі шараға қатысуға мүмкіндік алды.

Қашмирлік мұсылман Австралияға 12 жасында келіп, өмірде жетістікке жету үшін көп күш-жігерін жұмсады. Оның екі университетті бітіргендігін айғақтайтын екі бірдей дипломы бар. Қазіргі уақытта ислами инвестициялық CrescentWealth фирмасында стратегия және даму жөніндегі директоры болып қызмет атқарады.

Көсемдік қасиетімен топ жарып шыққандарға жүлде тапсыратын әділқазылар алқасының мүшесі, профессор Ричард Холл айтқандай, мұндай шәкіртақы өз саласының білгірлері мен алға ұмтылатын алғыр да зерек тұлғаларға беріледі. 

date21.11.2013readCount81printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz                   
мұсылманмұсылманавстралияавстралияжетістікжетістік
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: