БАӘ-де тұтқындалған отандастарымызға өлім жазасы кесілуі мүмкін

БАӘ-де тұтқындалған отандастарымызға өлім жазасы кесілуі мүмкін

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Үстіміздегі жылдың қазан айының 30-ы күні Біріккен Араб Әмірліктерінде Қазақстан азаматтары тұтқындалған болатын. Д Дубай прокуратурасы Орал қаласының тұрғынына кісі өліміне қатысы бар әрі қаржылық алаяқтық жасады, сондай-ақ, қылмыстық топ құрды деген айып тағып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оларды елге қайтарудың жолдарын қарастыруда. Бұл мәселе БАӘ-де желтоқсан айында қайта қаралмақ.

«Ол жақтағы отандастарымыз түрлі қылмысқа шатылған: кісі өлімі, экономикалық қитұрқылық, ұйымдасқан қылмыстық топқа жетекшілік ету. Ондағы азаматтарымызды экстрадациялау мәселесі әлі оң шешімін тапқан жоқ»,- деп мәлімдеді ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель.

Қазақстан азаматтарының қолымен жасалған заңсыздықтар Біріккен Араб Әмірліктерінде аса ауыр қылмыс болып саналатындықтан, олар өмір бойы бас бостандығынан айырылуы немесе өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Дубай полициясы қазан айының 30-ы күні 12 (кейбір мәліметтер бойынша – 13) Қазақстан азаматын қолға түсірген. Алдын-ала алынған дерекке қарағанда, олардың көбісі бірнеше жыл бойы автокөлік ұрлап, олардың қосалқы бөлшектерін сатқан. Ал, қалғандары отбасымен бірнеше күнге туристік сапармен келген көрінеді.

Тұтқындалған отандастарымыздың туыс-туғандары БАӘ полициясының таққан айыптарын жоққа шығарып отыр.

date21.11.2013 printБасып шығару sourceLinkmuslim.kz                   
БАӘ БАӘөлім жазасы өлім жазасықылмыс қылмыс
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: