Араб шейхы Сұлтан ІІІ Мұхаммед әл-Қасым Армениядағы христиандардың көне Агарцин монастырін жөндеуден өткізу үшін өз қалтасынан қаржы шығарды. Осынау құлшылық үйінің жетекшісі архимандрит Аристакес Айвазян қайырымдылық жолымен келген бұл қомақты қаражаттың қанша соманы құрайтынын айтудан бас тартты. Алайда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының дерегіне қарағанда, бұл арада 1,7 млн доллар турасында сөз болып отыр.
Мұхаммед әл-Қасым Арменияға 2005 жылы келген көрінеді. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, әулие Богородица монастыр шіркеуіне бас сұққан ол «мұнда расымен де Құдайдың үні құлағыма келгендей болды» депті-мыс.
Кейіннен меценат көне христиан храмының жөндеу жұмыстары мен материалдарына кететін шығынды өзі көтеріп алатынын жеткізген екен.
Сұлтан ІІІ Мұхаммед әл-Қасымның 1972 жылдан бері Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Шардж әмірлігін басқарып келе жатқанын естіріңізге сала кеткіміз келеді.