МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қолдан келгенше қайырымдылық жасау Алла тағаланың разылығына бөлейтін амал. Жәрдемге мұқтаж жандарға керек кезінде қол созу сауапты іс. Мұны Құран да, Пайғамбарымыздың «оған Алланың игілігімен сәлемі болсын» сүннеті де растайды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Ислам діні – ғылымның ең бас досы және қорғаушысы. Өйткені ғылым қаншама дамыса, Исламның зор хикметтері сол дәрежеде көрініс табады. «Өзіміз өмір сүрген қоғамның парасаты мол, адамгершілігі биік ең абыройлы болу міндеті жүктеледі». Осындай мәнді де мағыналы өсиетін қалдырған Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың туған күні – Мәуліт айында исламның құндылықтарын насихаттау, уағыз айту және мұқтаж жандарға көмектесу адами мұсылмандық парызымыз деп түсінген ауданы­мыздың бас имамы Ғайырфулла қажы Әмірбеков жылдағы дәстүр бойынша ізгіліктің ізі­мен мейірімділіктің мерейін ұштастыра отырып, тағы да мұқ­таж жандарға көмек қолын созды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Ағымдағы жылдың 13-ші қаңтарынан сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) бір айға созылатын мүбәрак Мәуліт мерекесінің басталғаны барша мұсылман халқына мәлім. Мереке ауданымызда да жоғары деңгейде аталып өтілді. Соның жарқын айғағы, 11 ақпан күні аудандық Мәдениет үйінде әкімнің ұйымдастыруымен осы Мәуліт мерекесіне орай арнайы шақырылған Оңтүстік Қазақстан облыстық «Асыл мұра» өнер орталығы өнерлілерінің қатысуымен «Қош келдің, Мәуліт айы» атты рухани мерекелік кеш өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Міне бүгін, аудандық «Қордай» мешітінің уағыз-насихат жұмыстарының жоспары бойынша, мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қордай ауданынының шеткей аумағында орналасқан, бірлігі жарасқан  Қаракемер ауылының мәдениет үйінде ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары, мәдениет үйінің ұжымы, мектеп мұғалімдері қатысқан имани жиын өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» КММ-не қарасты Төле би ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі инструкторларының ұйымдастыруымен, Төле би ауылындағы, №10 Шу колледжінде «Дін- бейбітшілік негізі» атты тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Өткен аптаның жексенбісінде Шу аудандық мәдениет үйінде «Мәуліт» яғни мұсылман жамағатының ардақ тұтар тұлғасы Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дүниеге келген күні атап өтілді. Әдеби сазды кешке аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауыл ақсақалдары мен ауыл молдалары қатысты.