МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қордай ауданының кезінде аты бүкіл КСРО-ға дүркіреген, бүгінгі күні Қасық ауылының №23 Т.Рысқұлов атындағы орта мектепте  имани  жиын  өтті. Аталмыш жиынға аудандық «Қордай» мешітінің қызметкері Д.Жандосұлы, Қасық ауылының «Құдайберген» мешітінің имамы М.Отарбаев, мектеп директорының орынбасары Күншуақова және жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қордай ауданына қарасты Қарасу елді мекенінің №7 орта мектебінде жоғарғы сынып оқушыолармен, ата-аналармен, ұстаздар ұжымымен арнайы түрде «Дін.Қоғам.Жастар» атты семинар өтті. Семинарға аудандық білім беру жүйесінің мамандары, аудандық «Қордай» мешітінің қызметкері, дінтану магистрі Д.Жандосұлы, Қарасу ауылының «Әл-Хадий» мешітінің имамы С.Аманбаев қатысты.  Аталмыш мектеп директорының орынбасары Г.Саймасаева семинар мақсатымен жиналған қауымды таныстырып өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тараз қаласындағы Жамбыл гуманитарлық-техникалық унивеситетінде ҚМДБ-ның Жастармен жұмыс бөлімінің Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Аманбаев Ержан ЖОО жастарымен кездесу өткізді. Кездесудің басты тақырыбы  жастардың бойынан табылуға тиіс сабырлық, әдептілік қасиеттерді жетілдіру мәселесі болды. Ержан Маханұлы сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедің (с.а.у.): «Нағыз мықты – күресте қарсыласын жеңген емес, қатты ашуланғанда өз-өзін ұстай білген адам» деген хадисін айта келе, сабырлықтың ең күшті қасиет екенін жеткізді. 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

«Адамның бойындағы ең асыл да, сұлу қасиет – қайырымдылық», деп шығыс ойшылы әл Фараби айтқандай, Мәуліт айында қайырымдылық шаралары қарқын алып келеді. Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылындағы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Р. Азизов пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ғибратты өсиеттерін насихаттаумен бірге мұқтаж азаматтарға көмек қолын созып, жомарттық танытып келеді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Міне бүгін, күллі мұсылман  жұртшылығы атап өтетін мәулід мерекесі киелі Қордай жеріне де жетті. Мәулід мерекесіне мешіт қызметкерлері мен мешіт жамағаты жылдағыдай бар ынта жігерімен, жан тәнімен ат салысып  дайындалып,  бүгінгі күні соның жемісін көруде. Дайындық барысын атап айтсақ, ең әуелі екі жұма қатарынан жұма уағыздарында мәулід мерекесінің маңызы жайлы және ардақты елші Мұхаммед (с.ғ.с) өмірі жайлы  мешіт имамдары уағыздар айтты.  Мәулід мерекесінің маңызы мен Пайғамбарымыздың өмірі жайлы аудандық «Қордай шамшырағы» және «Кордайский маяк» газеттерінің  11-12 нөмірлерінде және «Кәсіпкер жаршысы» газетінің  3 нөмерінде аудан бас имамы Ә.Шалбайдың «Мәулід мерекесі» атты кең көлемді мақаласы жарық көрді. Аудандық мекеме басшыларына, кәсіпорын жетекшілеріне, кәсіпкерлерге, жамағат мүшеріне «Мәуліт құтты болсын» деген ашық хаттармен, мерекелік іс-шараға шақыру хаттары таратылды. 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

ҚМДБ-ның ЖО бойынша өкіл имамы  Елбасы Жолдауымен кеңінен тоқталып, саяси-әлеуметтік, мәдени де рухани маңызды құжаттың ел өмірінде болып жатқан істерді тілге тиек ете келіп: – Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадис шәріпте пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Кім маған бойұсынса, ол Аллаға бойұсынғаны. Кім маған бойұсынбаса, ол Аллаға бойұсынбағаны. Кім басшыға бағынса, ол маған бағынғаны. Кім басшыға бағынбаса, ол маған бағынбағаны», - дейді (әл-Бухари және Муслим).