Шу өңірінде мәуліт

Шу өңірінде мәуліт

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өткен аптаның жексенбісінде Шу аудандық мәдениет үйінде «Мәуліт» яғни мұсылман жамағатының ардақ тұтар тұлғасы Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дүниеге келген күні атап өтілді. Әдеби сазды кешке аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауыл ақсақалдары мен ауыл молдалары қатысты.

Кештің шымылдығы қасиетті құран аяттарының оқылуымен ашылып кейінірек ақ кимешекті әжелер жиналған көпшілікке шашу шашып, жақсы ниеттің нышаның байқатты. Шу аудандық мешіттің мұрындық болуымен өткен бұл игі шарада Шу ауданы әкімінің орынбасары Е.Е.Аймамбетов сөз сөйлеп аудан жамағатың маңызды мерекемен құттықтады. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының көпшілікке «Тура жолға түскен құл» атты қойылым қойса, Төле би мешітінің жанындағы сауат ашу курсының бір топ шәкірттері Пайғамбардың ғұмырынан қысқаша «Мәуліт» жырының ана тілімізде оқыды.Кеш барысында діни әндер, термелер орындалды.

Аталмыш мерекенің түп тарихы, мән маңызы жөнінде аудан мешітінің бас имамы Аят Дыбысұлы кеңінен әңгімелеп, бұл шара аудандық мәдениет үйінде алғашқы рет өтіп жатқанын, жақсы жалғасын табатындығын тілге тиек етіп, көпшілікке жақсы тілектер айтты. Салихалы жиыннан соң жамағат Төле би ауылындағы мешітке бет алып сондағы арнайы дайындалған дастарханнан дәм татты. Ендігіде рухани кемелдікке жетелейтін осындай шаралар көптеп өткізілсе нұр үстіне нұр болар еді.

Шу ауданы мешітінің  баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: