Қараемер ауылындағы имани жиын

Қараемер ауылындағы имани жиын

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Міне бүгін, аудандық «Қордай» мешітінің уағыз-насихат жұмыстарының жоспары бойынша, мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қордай ауданынының шеткей аумағында орналасқан, бірлігі жарасқан  Қаракемер ауылының мәдениет үйінде ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары, мәдениет үйінің ұжымы, мектеп мұғалімдері қатысқан имани жиын өтті.

«Ислам- ата-баба діні» атты тақырыпта болды. Жиналысқа арнайы түрде аудандық «Қордай» мешітінің наиб имам м.а Д.Жандосұлы,  «Қаракемер» мешітінің имамы М.Махатов, №14 мектеп директорының орынбасары  М.Мулкеманов, учаскелік полиция инспекторы қатысты. Жиын тақырыпқа сай Ислам діні жайлы өрбіді.

«Қаракемер» мешітінің имамы М.Махатов Ислам дінінің қоғамдағы ролі жайлы сөз қозғап өтті.  Сөз кезегі аудандық мешіт қызметкері Д.Жандосұлына берілді. Өз сөзінде Д.Жандосұлы Ислам дінінің басты бес тірегін сипаттап, қоғам пайда болғалы діннің бірге болғанын сөз етіп, жастарды ата-баба діні Исламды берік ұстануға шақырып, тек бір Аллаға ғана құлшылық ету мұсылманның басты міндеті екендігін ескертті.

Тақырыпты өрбіте келе Д.Жандосұлы балаларға Исламдағы ата-ананың қадірі, ата-аналарға арнайы түрде әке-шешенің бала алдындағы міндеттері жайлы уағыз айтып, жат ағымжар жайлы сөз қозғады. Д.Жандосұлы елімізде жастар арасында «әулие Валентин» күнін тойлау белең алып бара жатқандығын қынжыла айтып, бұл мұсылман адам тойлайтын немесе құрметтейтін мереке емес екендігін, оның зардаптарын айтып өтті.

Еліміз өкінішке  орай, әлемде жастар суициді бойынша алдыңғы қатардағы елдер екенін ескере отырып, өзін-өзі өлтіру ауыр күнә екендігін түсіндіріп, тығырықтан шығар жолдарды сипаттап берді. Жиын барысы «сұрақ-жауап»  айдарымен жалғасып, оқушылар, ұстаздар және ата-аналар Д.Жандосұлына сұрақтар қойды.Сұрақтарға дәлелді жауаптар берілді. Міне өскелең ұрпағымыз ата дінін бекем ұстанса, ақиқатында Ислам-тәуелсіз және Алла қаласа мәңгі Қазақ елінің тірегі болары сөзсіз. Жаратқан мақсатқа жеткізе гөр!

Аудандық «Қордай» мешітінің

Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: