Ислам асыл дініміз

4175 қаралды
01-Қаңтар 2015

Мұхаррам ай құтты болсын ағайын!

Шынында да Ашура күні мұсылман жұртшылығы үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі ұсталған оразасы мен құт берекесінде жатыр. Хадисте: «Кімде – кім Ашура күні отбасы мен үй – ішіне сый – сияпат жасаса, Аллаһ Тағала жыл бойы оның рызығына берекет пен кеңшілік нәсіп етеді». «Мұхаррам айында ораза ұста, өйткені ол Аллаһтың айы. Онда сондай бір күн бар, Аллаһ сол күні бір қауымның тәубесін қабыл еткен және сол күні басқа бір қауымға да кешірім етеді» делінген.

Толығырақ
3329 қаралды
01-Қаңтар 2015

МҰХАРРАМ АЙЫ

Ислам тарихында Мұхаррам айы һижри жыл санауының бастауы болғандықтан, мұсылмандардың өмірінде маңызы ерекше. Сондай-ақ осы айда ораза тұтудың дасауабы мол.Біздің жыл санауымыз бойынша 622 жылы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Мәдина қаласына көшті. Сол жылы Мұхаррам айының бірінші күні, айдың да, жылдың да басы еді. Мұсылмандар Мәдинаға келгенде иаһудилердің мұхаррам айының оныншы күні ораза ұстайтынын байқайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл оразаның мәнісін білу мақсатында: «Бұл қандай ораза?» деп сұрады. Сонда олар: «Бұл күннің біз үшін маңызы зор. Өйткені, Аллаһ тағала бұл күні Мұсаны (ғ.с.) дұшпаннан құтқарған. Перғауынның көзін жойған. Мұса (ғ.с.) да осы күні шүкіршілік ретінде ораза тұтқан»,- деп жауап береді.

Толығырақ
3540 қаралды
01-Қаңтар 2015

ҺИЖРИ ЖЫЛНАМА ТАРИХЫ МЕН АШУРА КҮНІ ХАҚЫНДА

Қасиетті Құранда «Тәубе» сүресінің 36-аяттында: «Расында Аллаһ қасында көктер мен жерді жаратқалы Аллаһтың кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардың төртеуі құрметті айлар. Міне осы берік дін», делінген.
Бұл аятта айдың саны қанша екені айтылған. Яғни, жыл бойындағы ай саны он екі. Демек, Алла тағала әуелде, жерді жаратқан сәтте оның қимыл, әрекетіне қарап ай санын он екі етіп белгілеген. Сондықтан «Расында Аллаһ қасында көктер мен жерді жаратқалы Аллаһтың кітабындағы айлардың саны он екі», делінді жоғарыдағы аятта. Демек, бұл сан үнемі өзгермей он екі ай күйінше қалмақ. Ай саны он бір немесе он үш қылып өзгертілмейді. Оны өзгертуге адам баласының қауқары да жоқ. Адамзат тек айдың шығуы мен батуын бақылап, ай санын анықтап қана отырады.

 

Толығырақ
2920 қаралды
01-Қаңтар 2015

АШУРА КҮНІНІҢ АБЗАЛДЫҒЫ

Араб тіліндегі «Ашура» сөзінің мағынасы «Ашара» яғни мұхаррам айының «оныншы» күні деген мағына береді. Біздің жыл санауымыз бойынша 622 жылы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Мәдина қаласына көшкен жылы мұсылманша жылдың басы болып саналады. Яғни, һижри жыл санауы мұхаррам айымен басталады. Биыл мұхаррам айы желтоқсанның 7 - і күні басталды.

Толығырақ
2935 қаралды
01-Қаңтар 2015

Мұхаррам – жыл басы

Ислам тарихында Мұхаррам айы һижри жыл санауының бастауы болғандықтан, мұсылмандардың өмірінде маңызды. Сондай-ақ осы айда ораза тұтудың да сауабы мол.

Толығырақ
2632 қаралды
01-Қаңтар 2015

Қасиетті мәулітті мереке ретінде атап өтудің дінімізде үкімі қандай?

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) туылған күнін – қасиетті мәулітті мереке ретінде атап өтудің дінімізде үкімі қандай? Кейде мәуліт мерекесінің «бидғат», яғни, дінімізге кейіннен қосылған қате, тіпті күнә амал екендігі айтылып жатады. Осының ара-жігін ажыратып берсеңіздер.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туылған күнін қасиетті мереке ретінде атап өту үрдісі ислам әлемінде IV-V һижри ғасырлардан басталады. Ислам ғұламалары бұл жайлы көптеген құнды еңбектер жазып, мәуліттің дініміздегі орнын анықтауға тырысқан. Қазіргі таңда бұл мерекені бір-екі мемлекеттен тыс барлық ислам әлемі ерекше атап өтеді. Мерекеде Аллаһ Тағаланың кәламы – қасиетті Құран оқылып, пайғамбарымыз жайлы мадақ өлеңдер мен жырлар, салауаттар айтылып, сәлем жолданады. Пайғамбарымыздың өнегелі өмір жолы барынша қыр-сырымен насихатталып, үмметінің Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) деген сүйіспеншілік сезімдері одан әрі күшейтіле түседі.

Толығырақ
4574 қаралды
01-Қаңтар 2015

Мәуліт қандай мереке

Мейрамның тарихы Кейбір ғалымдардың айтуын-ша, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған күнін атап өту рәсімі һижра жыл санағымен VI ғасырда (миләди XIII ғ.) пайда болған. Десек те, кейбір тарихи деректерге сүйенер болсақ, мәулітті тойлау һижраның ІІІ ғасырынан бастау алғанын көреміз. Сол кезге дейін бірде-бір мұсылман, ел басшысы немесе қара халық мәулітті тойламайтын. Әйгілі мұсылман ғалымы Әс-Сахауидің бұған қатысты: «Мәуліт һижри жыл санағымен үшінші ғасырдан соң пайда болды. Содан бастап әлемде мұсылмандар мәулітті садақа берумен және «мәулітті» оқумен атап өтетін болды», – деген сөзі бар («Мұхаммед», Мұхаммед Риза).

Мәуліт – Хақ тағалаға мақтау, пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айту.

Толығырақ
5114 қаралды
01-Қаңтар 2015

Мәуліт тарихы

Имам Ахмад риуаятындағы хадис – шарифте:
“Көпшілік мұсылмандар жақсы деп санаған iс, Алла тағала алдында да жақсы”,– делiнген. Демек, мұсылмандар бiр iстi жақсы деп санаса, ол iс Алланың құзырында да жақсы іс боп табылмақ.
Үстіміздегі ай Рабиүл әууәл айы. Рабиүл әууәл айы «Мәуліт айы» деп те аталатыны баршаңызға белгілі. Бұл айға есендікте жеткізген Жаратқан Аллаға шүкірлеріміз болсын. Баршаңызға мәуліт айы құтты болсын. Шаңырақтарыңызға жақсылық жақын болсын, бірлік пен берекелеріңіз болсын.
Бүгінгі күні Мәулітті мәселеге айналдырғысы келетіндер табылады. Сондықтан, мұсылмандардың ішінде кейбірі мәулітке қарсы, дегенмен көпшілік әсіресе, үлкендеріміз: «Ата-бабаларымыз мәуліт оқытқан, оқысақ не бопты?»– дейді. Сауап болса, сауап күнә емес қой деп қарайды. Бұл толық жауап болмағанмен, өте орынды айтылған деп санаймын. Осыған қоса, аздап мәуліттің пайда болған кезеңіне ғылыми тұрғыда ізденіс жасап көрелік.

Толығырақ
3206 қаралды
01-Қаңтар 2015

Мәулітті атап өту бидғат па?

Қазіргі күнде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мәулітін атап өтуге байланысты мұсылмандардың өз арасында бірқатар қарама-қайшылықтар кездеседі. Кейбіреулер оны адасушылыққа апаратын бидғат санап, сол ойларынан қайтар емес. Тіпті, оны ширк амалдардың қатарына жатқызатындар да бар. Ондайлар мәулітті атап өтетін жұртшылықты адасқандар қатарына жатқызады. Бұлай кесіп үкім жасау, әсте, дұрыс емес. Мұндай көзқарастар мен пікірлердің туындауына діни шаласауаттылық пен білімсіздіктің әсері көп.

Толығырақ
3053 қаралды
01-Қаңтар 2015

Мәулітті атап өтудің діни негіздері

«Мәуліт» араб тіліндегі «уәләдә» түбірінен туындаған сөз. Мағынасы «туылған жер, туылған уақыт, туған күн» дегенді білдіреді. Мұсылман мәдениетінде мәуліт сөзі Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) туған күні үшін қолданылған. Ал ислам тарихшыларының басым көпшілігі пайғамбарымыздың (с.а.с.) туылған күнінің 571 жыл Рабиул-әууәл айының дүйсенбі күніне (571 жыл сәуір айына) сәйкес келгенін айтады. Соңғы жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен елімізде мәулітті, яғни пайғамбарымыздың (с.а.с.) туылған күнін атап өту қолға алынып, игі шаралар ұйымдастырылып жатқаны баршаға мәлім. Дегенмен, қазақ бауырларымыздың арасында осы шараларға қарсылық білдіріп, «Мәулітті тойлау – бидғат» деушілер де бар. Ендеше мәулітті атап өтудің діни үкімі не? Бұл іс-шара қандай негіздерге сүйенеді? Баяндамамызда осы мәселелерді саралауға тырысамыз.

Толығырақ
11670 қаралды
01-Қаңтар 2015

Мүбарак Мәуліт

Әдеттегідей биыл да әлемнің көптеген елдері хазреті Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың мәулітін атап өту үстінде, оған көптеген салауаттар айтады. Бұл дәстүр Қазақ елінде де кеңінен таралған.
Мәуліт – араб сөзі, қазақ тілінде “туған күн ” деген мағына береді. Бұл Алла тағаланың ең сүйікті пендесі, Адам атадан (ғ.с.) басталған пайғамбарлардың соңғысы, әрі сардары хазреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келген айына атау етіп қойылған сөз.
Қасиетті Құран Кәрімде Алла тағала “Ахзаб” сүресінің 56-аятында:
“Пайғамбарға (с.ғ.с.) Алла рахымын төгіп, періштелер жарылқау тілейді. Ей, мүміндер! Пайғамбарға (с.ғ.с.) сендер де салауат айтып, сәлем жолдаңдар”, – деген.

Толығырақ
2710 қаралды
01-Қаңтар 2015

Исра және Миғраж мұғжизасы

بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
Үстіміздегі ай ережеп. Ережептің жиырма алтысынан жиырма жетісіне қараған кеш исра және миғраж оқиғасы болған түн. Бұл биыл маусымның жиырма сегізінен жиырма тоғызына қараған кешке сәйкес келеді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өміріне қатысты миғраж секілді кейбір уағыздарды ара-кідік жылына бір рет қайта айту қажет болатын тақырыптардың бірі. Мұндай уағыздарды естіген сайын мұсылман өз хабибінің (с.ғ.с.) басынан өткерген оқиғаларын жадына алып, иманы күшейе түседі. Сондай уағыздардың бірі Исра және миғраж оқиғасы. Бұл оқиға пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ең үлкен мұғжизаларының бірі болып табылады.

Толығырақ
4924 қаралды
01-Қаңтар 2015

Исра және Миғраж түні

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Исра және Миғраж оқиғасын миләди 621 жылы Режеп айының 26-сынан 27-сіне қараған түні, дүйсенбіде басынан өткерді. Бұл Меккеден Мединеге һижрат етуден 18 ай бұрынғы оқиға. Кейінірек жыл сайын бұл түнді шын иман-ықылас және қосымша нәпіл ғибадаттармен өткізу мұсылмандар үшін дәстүрге айналды.
Миғраж түнінде пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) Меккедегі әл-Харам мешітінен Құддыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешітіне бір сәтте исра жасады. (Түнгі сапар арабтарда "исра” деп аталады). Одан миғражға – жеті қат көкке көтеріліп, дүниеден өткен барлық пайғамбарлармен кездесті, үнемі құлшылықта жүретін періштелермен жолықты. Құдіретті Жаратушымыздың түрлі белгі – аяттарын көріп, Онымен тілдесті. Бес уақыт намаз осы түнде парыз етілді.

 

Толығырақ
2817 қаралды
01-Қаңтар 2015

ҚҰЛШЫЛЫҚҚА ҚҰЛШЫНДЫРАР ТАҒЫЛЫМДЫ ҮШ АЙ

Жаратушы Алла Тағала адамды саналы етіп дүниеге әкелгені сияқты, өмірлік уақыт кезеңдерін де ерекше тағылыммен  жасаған екен.

Толығырақ
3352 қаралды
01-Қаңтар 2015

Мүбәрәк миғраж кеші

Әр жылы әлем мұсылмандары қасиетті Рағайып түнін қарсы алады. Бұл түн - мұсылмандар үшін ең қасиетті түндердің бірі. Осы айдың алғашқы жұма күні Пайғамбарымыздың ата-анасы отау құрып, Алланың елшісі анасының жатырына түскен күн. Бұл түн сондықтан «Рағайып түні» деп аталады.
13 маусымда басталған мұсылман қауымының қастер тұтатын мерекесі - Ережеп айының алғашқы жұма түні Рағайып түні (Ләйләту Рағайып) болып табылады. «Рағайыптың» сөздік мағынасы «рағибә» сөзінің көптік мағынасын береді. Ал рағибә «жауһар, құнды, бағалы, ихсан» мағыналарына келеді. Осыған байланысты «Ләйләту Рағайып» тіркесін «Жақсылық пен игілікке толы және аса құнды, ерекше бағалауды қажет ететін түн» деп түсінеміз. Ислам ғұламаларының айтуына қарағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл түнді адамның жан сарайына шуақ берер амалдар жасап, нұрлы сырларға қанығып, Ұлы Жаратушыға мадақ келтіріп, шүкіршілік жасап, дұға мен кешірім тілеп, намаз оқыған.

Толығырақ
3641 қаралды
01-Қаңтар 2015

Бәраат түні және оның маңыздылығы

Шағбан айының он бесінші түні мүбәрак Бәраат түні. Яғни мүбәрак үш айдың екіншісі, Ережеп пен Рамазанның ортасындағы Шағбан айының 14 жұлдызынан 15 не қараған мүбәрак «Қудси ләйалий мәшһура» (атақты қасиетті түндердің), «Мүбәрак», «Кешірім» (кешірім, пәрмен, рахым) түндерінің бірі.
Ислам күнтізбеде «Бәраат түні» ерекше аталып, қасиетті Рамазанға он бес күн қалғандығын білдіреді.

Толығырақ
2614 қаралды
01-Қаңтар 2015

Берекеге толы шағбан айы

Берекеті мол айлардың бірі – Шағбан. Ол - қасиетті үш айдың бірегейі. «Көптеген жақсылықтардың бастауы» деген мағынаға ие «шағбан» сөзімен аталған қасиетті ай Ережеп айының бітуінен хабар беріп, Рамазанның жақындағанын сүйіншілейді. Қасиетті шағбан айына белгілі бір дайындық жасаудың мәні зор. Айталық, бойымызды түрлі жаманшылықтан тазартып, ниет-ықыласымызды дұрыстап, мейлінше пәк жүрекпен қадам басу. Яғни, қызғаныш, көреалмаушылық, қастандық, жеккөрушілік, ашушаңдықтан жүрегімізді тазалап, ғайбат, өсек, сөз тасу, жамандау, кемсіту, көпшіліктің алдында біреудің айыбын көзге басып ұялту секілді жағымсыз істерден тілімізді қорғау.

Толығырақ
7604 қаралды
01-Қаңтар 2016

Рамазан туралы таным

Рамазан – Жаратқанның мұсылман жұртына жасаған ұлы тартуы.

Рамазан – айлардың ең қайырлысы, уақыттың ең қасиеттісі де киелісі.

Рамазан – ақ пен қараны ажыратып, тура жолды көрсетуші Құран атты ұлық пәрмен жерге түсе бастаған мүбәрак ай.

Рамазан – құлдың шын ықыласпен тәубаға келіп, Ұлы Жаратушысына қайта бет бұру заманы.

Толығырақ
3294 қаралды
01-Қаңтар 2015

«Ораза айы келді болып қонақ» немесе бабаларымыз оразаны қалай насихаттаған?

Құранда парыз етілген оразаға ата-бабаларымыз ешқашан бей-жай қарамаған. Ауыз бекіткен жанның сауабын жомарттығы мол Жасаған иенің өзі өлшейтіндігін, бес күндік тіршіліктің мәні құлшылықта екендігін, бұ дүниенің - бейнет, ақыреттің - зейнет екенін жақсы түсінген. Сол себепті ғапылдыққа ұрынбай, мұсылмандық парызды өтеуді міндет деп қараған. Жылына бір келер отыз күн оразаны барынша құрметпен қарсы алған. Рамазан айында Жаратушының мейірімі төгіліп, рақымы жауатынын, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегесін дәріптейтін, пәни өмірдің - жалған, бақи өмірдің - арман екенін түсіндіретін жарапазан айтқызған. Ел бірлігінің ұйытқысы дінде екенін жақсы білген бабаларымыз тіршілігінде мұсылмандық міндеттерді халыққа насихаттап отырудан жалықпаған. Қол қусырып, құбылаға бет түзеу, ораза ұстап, бес уақыт намазды қаза қылмау - көкейіне жиғаны, көкірегінде иманы бардың белгісі деп білген.

Толығырақ
2545 қаралды
01-Қаңтар 2015

Қасиетті Рамазан

Шынайы ықылас
Рамазан - тамаша тәрбие мектебі. Аллаһқа шынайы құл бола алмағандар уақыт өте келе құлға құл болып кетуі де ғажап емес. Мұның соңы адами қасиеттен айырылуға алып барады. Мұхаммед Иқбал Аллаһтан алыстап, құлдарға құл болудың бейшаралығын былайша жеткізген: «Мен иттің екінші иттің алдында бас игенін көрмедім».
Рамазан айының қадір-қасиетін ұғынып, оны бағалай білу - тәуһидке терең бойлап ақиқатты тану деген сөз. Сондықтан, қасиетті айда рухымызды оятып, сауапты істерімізді көбейтіп, Жаратушыға жақындай түсу қажет. Бұл үшін барлық ғибадаттарымыз мен құлшылықтарымыздың шынайылығына көңіл бөлген жөн. Жүректі тазартып, пейіл мен ниетті дұрыстау өте маңызды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл жөнінде:
«Қаншама жандар ораза ұстап, түнімен тарауих пен таһажжуд намаздарын оқиды. Алайда, (олардың ниетіне байланысты) аш қалу мен шөлдеу және ұйқысыз түндерден басқа олардың үлесіне ештеңе тимейді», - деген.

 

Толығырақ
11173 қаралды
01-Қаңтар 2015

Tарауих намазының қасиеттері

Айлардың сұлтаны болып саналатын қасиетті Рамазанның адамзатқа рухани, әлеуметтік және медициналық жағынан пайдасы зор. Бұл айда күндіз ораза тұтқаннан кейін, кешкісін құптан намазынан соң, 20 рәкат тарауих намазы оқылады. Тарауих сөзі «дем алу, демалыс» дегенді білдіреді. Оны барлық мұсылмандар топ-топ болып, жамағатпен оқиды.
Тарауих намаздың үкімі
Қасиетті Рамазан айында құптан намазының 4 ракағат парызы және 2 ракағат сүннетінен кейін, ер және әйел кісілер үшін жиырма ракағат тарауих намазын оқу - сүннет муәккәдә. Яғни, бекітілген сүннет амал. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) тарауих намазының сүннет болу мәселесіне қатысты: «Хақ тағала сендерге оразаны парыз, тарауих намазын сүннет етті. Шын иман және ықыласпен Рамазан оразасын ұстаған және тарауих намазын оқыған адам күнәдан анадан жаңа туған нәрестедей пәк болып тазарады», - деген.

Толығырақ
4792 қаралды
01-Қаңтар 2015

Кешірім аясында руханият тәрбиесіне бастар қасиетті Рамазан айы

Уақыт – адамның ең баға жетпес байлығы. Оның кейбір мезгілдері Аллаһтың мейірімі, кешірімі және кеңшілігі кемерінен толып таситын маусым саналады. Сол маусымдардың ең берекелісі, әрине қасиетті Рамазан айы екендігінде ешкімнің дауы болмас. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл айдың құндылығы мен берекетін ескере отырып, Шағбан айының соңғы күндерінде былай деген екен: «Ей, мұсылмандар! Ұлы әрі мүбәрак айдың көлеңкесі төбелеріңе жақындап келді. Ол ішінде «мың айдан да қайырлы Қадыр түні» бар ай.

Толығырақ
3699 қаралды
01-Қаңтар 2015

Қасиетке толы Қадір түні

Қасиетті Рамазан берекелі ай. Бұл кезде Алла тағала мұсылман үмметін көптеген құт-береке нығметтерге бөлейді. Ал Жаратқан ие нығметтерінің санына жету мүмкін де емес. Олардың кейбіріне адамзат ақылы жетпейді де! Соның бірі - "лайлатүл Қадір" түні. Ол Алла тарапынан Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар үмметіне сыйланған құт түндердің бірі.
"Лайлатүл Қадір"- сөздік жағынан алғанда, "қадірі ұлық", "әр сәті қымбат", "қасиетті" түн деген мағыналарды береді. Әрі бұл сөз өз болмысымен тағдыр түні мағынасына да келеді. Өйткені әр жылы осы түн ішінде адамзаттың және басқа да тіршілік иелерінің бір жылдық ризық-несібелері, дүниеге байланысты дәрежелері және туылатындары мен қайтыс болатындары анықталады. Бұл жайында: "Құранды Біз анығында, мүбәрак түнде түсірдік". "Сол түнде хикметті істің барлығы ("Лаухүл Махфуздан" "Кәтәбә" періштелеріне) бөлінеді". Ал, "Мұның (бөлінетін істер) барлығы - Біздің құзырымыздан бір бұйрық (тағдыр)..." ("Духан" сүресі, 3-4-5 аяттар), - делінген.

Толығырақ
2827 қаралды
01-Қаңтар 2015

Құрбан айт – ұлттық мереке

Құрбандық шалу
Құрбан – араб тілінде “жақындау” дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – “шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау” дегенге саяды. Құрбан айт күндері (алғашқы үш күні) шалынатын мал “ұдһия” деп аталады.
Құрбандық шалу мәнісінің кеңдігін ұғыну үшін діннің не екенін, құлшылықтың не үшін жасалатынын жақсы білген жөн. Мына кең-байтақ ғаламды жаратқан Құдіретті Ие жер бетіндегі саналы пенделерін бекерге жаратпаған. Олардың қоғам құрып, дұрыс өмір сүруі үшін тура жол көрсетіп дін жіберген. Қасиетті кітабы Құранда “Мен жындар мен адамдарды (Мені танып), маған ғана құлшылық жасасын деп жараттым” (“Зарият” сүресі, 56-аят) деп білдірген. Демек, құлшылық жасаудың түп мәні – Жасаған Иенің жарлығына бағыну, разылығына ұмтылу, сауап жинау.
Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады.

Толығырақ
3689 қаралды
01-Қаңтар 2015

Құрбан айт намазы, құрбандық шалу және қажылық үкімдері

ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫНЫҢ УАҚЫТЫ 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі, ҚМДБ ғұламалар кеңесі және ҚР Алматы қалалық обсерватория орталығының зерттеу нәтижесі бойынша хижраша 1430 жылдың зул-хиджа айының 10-жұлдызы (Құрбан айт), милади бойынша 2009 жылдың қараша айының 27-жұлдызына сәйкес келетіндігін анықтады.

Бұған қатысты Түркия, Ресей ғалымдарының да жауабы бізбен бірдей шықты. Сондықтан, 2009 жылдың 27 қарашасы (хижраша 1430, 10-зул-хиджа) - құрбан айттың бірінші күні.
Ал құрбан айт намазы 27 қараша күні Алматы уақыты бойынша күн найза бойы көтерілгенде, яғни таңғы сағат 8 сағат 30 минутта оқылады. Бұған дәлел Жундуб (р.а.) риуаят еткен мына хадис: «Біз Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бірге ораза айт намазын күн екі найза бойындай болғанда оқыдық, ал құрбан айт намазын күн бір найза бойы көтерілгенде оқыдық».

Толығырақ
2660 қаралды
01-Қаңтар 2015

Құрбан шалу - тақуалыққа сын

Мінеки, мұсылман жұртшылығы жыл сайын асыға күтетін Құрбан айт күндеріне де таяп отырмыз. Бұл күндерде Алла разылығы үшін мал шалынып, арнайы ас дастарханы жайылып, Құрбан шалушының өзі де, өзгелер де мәре-сәре қуанышқа кенеледі. Бұл күндердің ұлықтығы сол - мұнда адам баласы өз Жаратушы Иесіне жақындай түсуге тамаша мүмкіндік алады. «Құрбан» сөзінің араб тілінде «жақын болу», «жақындау» мағынасында келуі де осыны аңғартпай ма? Олай болса, құрбандық шалуды мал сою, қан шығарудан бұрын тап осы Аллаға жақындау тұрғысынан түсінген абзал.
Шариғат ілімі бойынша Құрбан шалу - Ибраһим пайғамбардан қалған үрдіс. Бұл ғибадат арқылы Алланың ықыласты құлдары өз серттеріне мықтылығы мен берілген нығметтерге шүкіршілігін танытады. Қасиетті Құран Кәрімде: «Аллаға қүрбанның еттері, қандары, әсте жетпейді. Бірақ сендердің тақуалықтарың жетеді. («Хаж» сүресі, 37)» делінген.

Толығырақ
2218 қаралды
01-Қаңтар 2015

Құрбандық шалу және Құрбан айт

Құрбан мерекесі хижра жыл санауы бойынша Зул-хиджа айының оныншы жұлдызынан бастап қатарынан төрт күн аталып өтіледі. Осы күндерде құрбан шалынады. Соған байланысты бұл мереке құрбан мерекесі деп аталған. Құрбан сөзі «Аллаһқа жақындау, Аллаһтың разылығын табу» деген мағынаны білдіреді. Негізінде бұл мерекенің тарихы Ибарһим аләйһис-сәләм мен ұлы Исмайл пайғамбардан бастау алады. Аллаһқа деген бағыныштылығымен сыналған Ибраһим пайғамбар Жартушысын разы ету үшін ұлы Исмайлды құрбандыққа шалмақшы болады. Аллаһ Тағала оған Исмайлдың орнына көктен түсірген қошқарды құрбан етуін бұйырады. Осындай үлкен сынақты бастарынан өткерген әкелі-балалы қос пайғамбардың тағылымы бүгінде мұсылман қауым үшін ғибрат өнегесі болса керек-ті.

Толығырақ
2782 қаралды
01-Қаңтар 2015

Құрбанның Шексіз Хикметі

АДАМЗАТТЫҢ ҮШ СЫНАҒЫ
Ибраһим пайғамбардың (а.с.) көңіліне ыстық, жүрегіне қымбат үш нәрсесі бар еді: малы, жаны және баласы. Аллаһ Тағала оны осы үшеуімен де сынап көрді.
Хазіреті Ибраһим Аллаһтың зікірі үшін малын түгел қиды. Сосын Нәмрудпен белдесіп, отқа тасталған кезінде Аллаһтың тағдырына ризашылық білдіріп жанын да қиды. Сосын Аллаһтың әмірімен баласын құрбандыққа шалу керек болған кезде кідірмей оған да мойынсұнды.
Осылайша ол Аллаһпен дос болу мәртебесіне қол жеткізді. Халилуллаһ деген атына лайық болды.
Ибраһим пайғамбардың (а.с.) сүрінбей өтуімен нәтижеленген бұл сынақтар негізінде бүкіл адамзаттың басынан кешіп жатқан сынақ.
Жанымызға ыстық малымызды Аллаһ жолында жұмсай білу, бізге аманат етіп берілген жанымызды ажал келмей тұрғанда Жаратушы Иесіне толығымен бет бұрғызу және бала-шағамыздың бізді Аллаһтан алыстатуына жол бермеу жолындағы сындар – нәпсімізді және шайтанды жеңіп, мәңгілік азаттыққа қол жеткізуіміз үшін Аллаһтың бізге берген сыйлары. Құрбан құлшылығының астарлы терең мағыналары Жаратушы Иеміздің бізден жай ғана құрбандық қаламайтынын білдіруде және бізге кәміл адам болу жолының белгілерін көрсетуде.

Толығырақ
3567 қаралды
01-Қаңтар 2015

Құрбандық танымы және оның Ислам дініндегі орны

Құрбан (араб тілінде) – «жақындау, Аллаһқа жақындауға себеб болған нәрсе» деген мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – «Ғибадат ниетімен белгілі шарттары бар малды бауыздау» деген. Құрбан айт күндерінде (алғашқы үш күнінде) Аллаһ Тағаланың ризашылығын алу ниетімен шалынатын құрбанға «удһийе» делінеді. 

Құрбан шалудың пайдалары

а) Аллаһ Тағаланың әмірлерін қалтқысыз орындау пендені Жаратушының ризашылығына бөлеп, ақыретте сый-сыяпатқа кеңелтеді. Құрбан шалу да – Аллаһ Тағаланың арнайы бұйрығы. Сол себепті бұл бұйрықты шын ықыласпен атқарушы Раббысының ризашылығын алып, ақыретте жүзі жарқын болады, мол сауап иеленеді. Пайғамбарымыз хадисінде бұл ақиқатты былай деп түсіндіреді:
«Адам баласы құрбан айт күні (құрбан шалып) қан ағызудан да сүйікті басқа іспен Аллаһ Тағалаға жақындаған емес. Қаны ағызылған мал қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай жатып, Аллаһ Тағаланың құзырында үлкен мақамға жетеді. Сондықтан құрбандарыңды көңіл ризашылығымен шалыңдар»[1].

Толығырақ
4215 қаралды
01-Қаңтар 2015

ЖҰМА КҮНІ МЕН ЖҰМА НАМАЗЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ҚАСИЕТТЕРІ

Күндердiң ең ұлығы – жұма. «Жұма» сөзі жинау, бас қосу деген мағыналарды береді. Мұсылмандар бұл күнді қуанышпен қарсы алып, мешіттер-де жиналады, үгіт-насихат, уағыз тыңдап, жұма намазын оқиды.
Аллаһ тағала жексенбіні Исаның (ғ.с.) қауымына, сенбіні Мұсаның (ғ.с.) қауымына, ал жұманы Мұхаммедтiң (с.ғ.с.) үмметiне мей-рам күні етiп бердi.
Адамзат тарихындағы ұлық, әрі маңызды оқиғалар жұма күндері болған. Бұл жайлы Әбу Һұрайрадан (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
خَيْرُ يَوْمٍ طَلَعَتْ عَلَيْهِ الشَّمْسُ يَوْمُ الْجُمْعَةِ فِيْهِ خُلِقَ آدَمُ وَ فِيْهِ أُدْخِلَ الْجَنَّةَ وَ فِيْهِ أُخْرِجَ مِنْهَا وَ لا تَقُومُ السَّاعَةُ إلاَّ فِي يَوْمِ الْجُمْعَةِ
«Жұма – күн шуағы шашыл-ған күндердiң ең жақсысы. Адам (ғ.с.) жұма күнi жаратылған, жұма күнi пейiшке кiрген, жұма күнi пейіштен шығарылған. Қиямет күні де жұма күнi болмақ»,– деп хабар береді (Муслим жеткізген).

Толығырақ
3598 қаралды
01-Қаңтар 2015

Наурыз мерекесі мұсылмандыққа қайшы ма?

Көптеген қоғамтанушылар М.Хантингтонның «Өркениет-тер қақтығысы» теориясына бір жақты айтылған деп қарсы шыққанмен, мәдениеттерді бір-бірімен мүйіздестірмеудің нақты шешімін әлі таппай келеді. Құндылықтар туралы анық-тамалар әртүрлі болғандықтан, әр мәдениеттің өкілдері бір-біріне шекеден қарауды үдетпесе, кеміткен емес. Бүгінгі күні дүниетанымдық өзгешеліктердің бір ұлтты шілдің боғындай шашыратып, біртұтастығынан біржолата айырып жіберетіндігі дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомаға айналды. Үшінші мыңжылдықта әртүрлі мәдени экспанцияға ұшыраған Қазақ ұлтының басына осындай бөлшектену қаупі үйіріліп отыр. Тым тереңге кетпей-ақ, осы күн-дері өтіп жатқан ұлтымыздың ұлы мерекесі – Наурыз жөнінде айтылып жүрген түрлі пікірлерді талдасақ, осыған нақты көз жеткізе аламыз.

Толығырақ
14578 қаралды
01-Қаңтар 2015

Сапар айы (Сафар айы)

Сапар (сафар) айы (арабша: شهر صفر) — мұсылманша күнтізбе бойынша екінші ай, Мухаррам айынан соң келеді.

“Сапар” сөзінің (арабша: صفر) ай атына қатысты кең тараған екі мағынасы бар:
1) сары, сарғаю: сапар айына атау берілгенде күз болып, айнала сап-сары түске оранған;
2) бос, нөл (араб: сифр): мұсылмандар осы айда Меккеден көшіп кеткеннен кейін қала босап қалған.
Қазіргі таңда ел арасында: «Осы сапар айында үйленуге, неке қиюға және той жасауға, ұзақ жолға шығуға болмайды» деушілер де кездеседі. Мұндай түсінік сонау ертеректе Ислам діні келмей тұрып арабтарда болған ырым. Оларда сапар айы – бақытсыздық айы, сорлы бір ай деп қабылдаған. Сондықтан, бұл айда үйленсе яки бір істі бастаса ол іс нәтижесіз болады деген наным бар еді.

Толығырақ
3913 қаралды
01-Қаңтар 2015

Сафар айының қасиеттері

Мұсылман әлемінде, оның ішінде Араб елдеріне бүгінгі таңда және діни еңбектерде «һижра» деген сөз жиі кездеседі белгілі. Һижра – арабша «көшу» дегенді білдіреді. Ал негізгі түсінктемесі «елінен ауу, туған жерден көтеріле көшу» деген сөз. Оның бір ұшы Пайғамбарымыздың Мекке қалаласынан Мәдина қаласына қоныс аудару тарихымен тығыз байланста екені тарихи еңбектерде баяндалған.
Ислами жыл санауы «қамари» ай күнтізбесі бойынша Мүхаррам айынан кейін екінші айы Сафар айы болып келеді.

Толығырақ