«Дін- бейбітшілік негізі» атты дөңгелек үстел.

«Дін- бейбітшілік негізі» атты дөңгелек үстел.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» КММ-не қарасты Төле би ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі инструкторларының ұйымдастыруымен, Төле би ауылындағы, №10 Шу колледжінде «Дін- бейбітшілік негізі» атты тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өтті.

Дөңгелек үстел отырысына Шу ауданының бас имамы Аят Дыбысұлы, Төле би ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инструкторлары және №10 Шу колледжінің білімгерлері қатысты.

Дөңгелек үстел отырысын №10 Шу колледжінің білімгері Қадыр Қаламқас жүргізді. Алғашқы сөз колледж білімгері Азимханова Аяулымның баяндамасы оқылды. Өз баяндамасында «Қазақстандағы қазіргі діни ахуал» жайлы білімгерлерге түсіндіріп өтті.

Одан кейінгі сөз кезегі Шу ауданының бас имамы Аят Дыбысұлына берілді. Өз сөзінде діни мәселелер қандай заманда болмасын қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды күрделі мәселелердің бірі болып келгендігі туралы, жастарға дін және оның бағыттары, діни көзқарастар, ислам дінін жамылған өзге діни ағымдардың, теріс жолға апарудың зияндылығы және одан сақтанудың жолын білімгерлерге түсіндіріп өтті.

Жиын сонынаң колледж білімгерлері имамға сұрақтарын қойып, жауабын алды. Білімгерлерге дін жайында парақшалар таратылды

Төле би ауылдық округінің жастар ісі

жөніндегі инструкторы  

Ж.Иманбаев

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: