Қайырымдылық

Қайырымдылық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам діні – ғылымның ең бас досы және қорғаушысы. Өйткені ғылым қаншама дамыса, Исламның зор хикметтері сол дәрежеде көрініс табады. «Өзіміз өмір сүрген қоғамның парасаты мол, адамгершілігі биік ең абыройлы болу міндеті жүктеледі». Осындай мәнді де мағыналы өсиетін қалдырған Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың туған күні – Мәуліт айында исламның құндылықтарын насихаттау, уағыз айту және мұқтаж жандарға көмектесу адами мұсылмандық парызымыз деп түсінген ауданы­мыздың бас имамы Ғайырфулла қажы Әмірбеков жылдағы дәстүр бойынша ізгіліктің ізі­мен мейірімділіктің мерейін ұштастыра отырып, тағы да мұқ­таж жандарға көмек қолын созды.

Аса ауылының бес-алты тұр­ғынына азық-түлік тауарларын және Қайрат Жолдыбайұлының “Имани гүл” атты кітабын ұсын­ған бас имамға мұқтаж жан­дар атынан Раушан Бесбаева ана­лық ризашылығын білдірді.

-Мұсылмандар үшін пайғамбарымыздың туған күні зор қуаныш сыйлайды, - деді ауданның бас имамы. - Мұндай қайырымдылық іс-шара жалғасатын болады.

Парасаты мол, адам көңіліне имандылық, жүрегіне жылылық ұялатқан бұл іс-шараға Аса ауылдық округі аппаратының бас маманы қатысып, өз кезегінде мұқтаж жандарға жақсылық тіледі.

 

Дүйсенбек ОРМАНОВ

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық

«Шұғыла-Радуга» газетенің тілшісі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: