Дүйсенбі, Мамыр 21, 2012
Діни кітаптарды көшіріп алыңыз

Шығыс Қазақстан облысында ежелден көпке әйгілі асқарлы Тарбағатай деген ел бар. Халқы айбынды да намысты, жері мен суы қамысты да нулы, ажарлы ел. Қақаған қыстың қабағы сынып, Тарбағатай бөктеріне желбірете көктем самалы жеткенде аталы дінге бет бұрған Ақжардың тау гүліндей жеткіншек жастары ауыл ортасындағы мәдени сарайда ажарлы кездесу өткізуді жөн санады. Мұны хош көрген елді-мекеннің барша үлкендері қалыспай, аталары таяғына сүйеніп, немерелерін сүйреткен әжелері Өскемен аймақтық өкіл имам Нұрлан Байжігітұлының алдынан шықты. Толығырақ

Дәл осындай ұсыныспен әлемнің жас мұсылмандардан құралған бастамашыл тобы Ислам мемлекеттерінің билік орындарына шықты. Олардың айтуынша, Құранды қорлағандарды жауапқа тартатын халықаралық деңгейдегі заң жобасын дайындау керек. Жастардың бұл әрекетіне соңғы кезде әлем бойынша осындай сорақылықтардың жиі қайталануы себеп болған. Сондай оқиғалардың бірі 20 ақпанда Ауғанстанның Баграм аймағында орналасқан АҚШ әскери базасында орын алған болатын. Құран Кәрімнің бірнеше данасын жағып жіберген американдық жауынгерлер жергілікті мұсылмандардың ашу-ызасын тудырды. Бүгінде Құранды қорғау мақсатында белсеніп жүрген жастар арнайы сайт ашып, өз пікірлерін ашық білдіруде. Сондай-ақ, бұл жобаны ұйымдастырушылар Батыс елдеріндегі Құранға қатысты бассыздықтарға мониторинг жүргізіп, мұндай алауыздықтарды болдырмау үшін барын салып жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Жуырда Бельгия астанасы Брюссельдің Андерлехт коммунасындағы жергілікті мешітке белгісіз біреулер жан-ғыш зат лақтырып, өртеп жіберді. Нәтижесінде құлшылық орны түгелімен жанып кетіп, имамы қаза тапты. Оқиға орнына келген Бельгияның Ішкі істер министрі Жоэль Мильке: «Бұл бізге төбемізден жай түскендей әсер етті. Біз міндетті түрде кінәлілерді тауып, тиісті жазасын береміз», – деді. 40 минут бойы тілсіз жаумен күрескен құтқарушылар имамды аман алып қала алмады. Тағы бір адам түтінге уланып ауруханаға түсті. Бүгінде тексеру жұмыстары жүргізілуде. Андерлехт бургомистрі Винсент Ван Гойдсенховен бұл оқиғаны ешқандай ақтап алуға келмейтін жауыздық деп бағалады. Соңғы рет Бельгияда мұндай оқиға 1989 жылы тіркелген екен. Ол кезде мешітке шабуыл жасаған радикалды топтың мүшелері дін қызметкеріне оқ жаудырып, оның өліміне себеп болған еді.

Дағдарыстың кілті немесе Елбасы ұсынысына бірден-бір жауап – динар мен дирхам

Қуаныш СҰЛТАНОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының фракция мүшесі: Имандылық – адамгершілік пен адалдықтың жолыӘлемде қаржы дағдарысы белең алған сайын тығырықтан шығудың түрлі жолдары қарастырылуда. Соның бірі – қағаз ақшаның орнына айналымға алтын динар мен күміс дирхамды енгізуді жақтаушылар қатары артып келеді. Осы мақсатта Бүкіләлемдік Ислам Ақшасы Сарайы атты арнайы ұйым да қызмет етуде. Назарларыңызға аталмыш ұйым мүшесі, бүгінде алтын динардың белсенді насихатшыларының бірі болып жүрген малайзиялық қазақ азаматы Абдулғани Әуесхановпен болған сұхбатымызды ұсынамыз. – Әбеке, алдымен Бүкіл-әлемдік Ислам Ақшасы Сарайы жөнінде анықтама беріп өтсеңіз. Бұл қандай ұйым? Мақсаты не? – Бұл ұйым осыдан 20 шақты жыл бұрын Еуропада өмірге келді. Сол кездерден-ақ қазіргі заманғы батыстық экономика жүйесі тығырыққа тіреліп, дағдарысқа жиі ұшырап, қатты сынға іліккен болатын. Толығырақ...

Исламның жарқын жүзін көрсете білу

Иштван МАКЛАРИ, Венгрияның Қазақстандағы бас консулы: Қазақстанда имандылыққа бет бұрған жастар көбейіп келедіИмандылық жолындағы кез келген мұсылман баласы барша жаратылысқа мейірімді әрі жарқын жүзді болары хақ. Оның Жаратушы Жаппар Иесіне деген шексіз махаббаты күллі жаратылысты жанындай сүйіп, сый-құрмет көрсетуіне себепші болады. Демек мұсылман баласы Ислам дінін толықтай үйреніп, меңгеріп, оның жарқын жүзін адамдарға, жан-жануарларға, тіпті жансыздарға иләһи бір сый ретінде ұсынуы ләзім. Міне, осындай мұсылмандардан құралған қоғамда шүбәсіз тыныштық орнары сөзсіз. Зұлымдық пен қарабайыр қараң-ғылықтың бұғауында арпалысқан, қорқыныш пен қайғының телегей теңізінде тербелген адам баласы ғасырлар бойы Исламның жарқын жүзін көріп, оны бойына сіңіріп, бақытқа қауышып отырған. Толығырақ...

Қуаныш СҰЛТАНОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының фракция мүшесі: Имандылық – адамгершілік пен адалдықтың жолы

Қуаныш СҰЛТАНОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының фракция мүшесі: Имандылық – адамгершілік пен адалдықтың жолы– Қуаныш аға, қазір Қазақстанды әлем таниды деп нық сеніммен айта аламыз. Оған экономикамыздың қарыштап дамуы себеп. Алайда рухани және ұлттық құндылықтарымызды дамытудағы қарқын көңіл көншітпейді. Әңгімемізді осыдан бастасақ. Біз расымен осы аталған салаларда кенжелеп қалған жоқпыз ба? – Айтып отырған екі биіктігіңіз де ұлттық санамен тікелей бай-ланысты құбылыстар. Ұлттық сапа – сананың жемісі. Кенжелеп қалған тұстарымыз аз емес. Ол туралы айтылып та жүр. Экономиканы да түбегейлі ұлттық құндылықтардан, руханият әлемінен бөліп, үзіп қарауға болмайды. Толығырақ...

Иштван МАКЛАРИ, Венгрияның Қазақстандағы бас консулы: Қазақстанда имандылыққа бет бұрған жастар көбейіп келеді

Иштван МАКЛАРИ, Венгрияның Қазақстандағы бас консулы: Қазақстанда имандылыққа бет бұрған жастар көбейіп келедіҚазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі Венгрияның Қазақстандағы бас консулы Иштван Маклариды қабылдады. Бір сағатқа созылған салиқалы сұхбат барысында шертілген оқырманға ой салар әңгімені назарларыңызға ұсынамыз. Иштван Маклари: Мүфти мырза, ұят болса да айтуға тура келіп тұр, Ислам жайлы көп білмеймін. Мағлұматым аз. Оны әлемдік дін дейді. Қазақ даласына Ислам қашан келді? Әбсаттар қажы Дербісәлі: Орта Азия, оның ішінде Қазақстанда тұратын мұсылмандардың Ислам дінінің Ханафи мәзһабын ұстанып келе жатқанына 1000 жылдан асты. Толығырақ...

Жер-жерде Мәуліт кештері аталып өтті

Жер-жерде Мәуліт кештері аталып өттіАстана. Мәуліт айының алғашқы күні Қазақстан қажылары қауымдастығының Астана қаласы бойынша мұсылман аналар мен қыздар департаментінің ұйымдастыруымен «Кәусар» халал кешенінде «Екі дүние шамшырағы» атты кеш өтті. Оған аталмыш ұйым өкілдерімен қатар, 90-ға жуық қажы аналар қатысты. Ол «Мейірімділік жолы – 2010» қоғамдық қорының ұстазы Еркебұлан Байғабылов-тың қасиетті Құран оқуымен ашылды. Белгілі дінтанушы, «Хазрет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Қайрат Жолдыбай-ұлы пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірі жайлы уағыз айтты. Толығырақ

Білікті кадрлар өзімізде тәрбиеленеді

Білікті кадрлар өзімізде тәрбиеленетін болады Аймағымыздан медресе үйі ашылып, ұрпағымызды өзіміздің өңірде тәрбиелесек дейтін атыраулықтардың үлкен арманы орындалды. Жуырда Балықшы кенттік округында салынған екі қабатты болашақ медресе үйінің таныстырылымы болып өтті. Қуанышты шараға арнайы іссапармен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, оқу-ағарту ісінің меңгерушісі Смайыл Сейітбеков пен мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Ербол Қосбағар келді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша басқармасының бастығы Мұхит Ізбанов, облыстық Дін істері департаментінің директоры Оразбек Қасымов, бір топ атыраулық ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер, қажылар, мешіт жанашырлары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Толығырақ

1 мен 5 беттер

<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 Келесі > Соңғы >>