Қайырым жасау-қадірлі іс.

Қайырым жасау-қадірлі іс.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қолдан келгенше қайырымдылық жасау Алла тағаланың разылығына бөлейтін амал. Жәрдемге мұқтаж жандарға керек кезінде қол созу сауапты іс. Мұны Құран да, Пайғамбарымыздың «оған Алланың игілігімен сәлемі болсын» сүннеті де растайды.

Жұма күні Шу аудандық мешіттің бас имамы Аят Алмаханов бастаған мешіт ұжымы, бір топ жастар, аудандық емхана мейірбикесі тұрмыстық халі нашарлау Шахира апайдың үйіне бас сұқты. Бір қызы одан өрбіген үш немеренің әжесі Шахира Сасықбаева паналап жүрген Төле би ауылындағы бұрынғы саз мектебінің ғимаратына аудан имамы Аят Дыбысұлы кілем, азық-түлік табыс етсе, ауыл жастары әженің көңілін сұрап, аудандық емхананың мейірбикесі құндақтағы бала мен қарт ананың денсаулығына жарар дәрі-дәрмек берді. Әженің отбасына аудан имамы біршама насихат айтып, әрбір ахуалына Алла жәрдем берсін деп тіледі.

Халқымыз ежелден дін ұстанған сондықтан қайырым жасау әр қазақтың қағидасына айналған. Алдағы уақытта шама жеткенше осындай қам-көңіл жандарға жәрдемдесуде әдетке айналдыру оңға басса дейміз. Оған ауыл жастары да мешіт ұжымы да даяр деп білеміз.

Шу ауданы, Төле би мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: