МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Дені саудың – жаны сау деп аталарамыз айтқандай дені сау ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Осыған орай Тараз «Парасат» колледжі және ҚМДБ-ның Жалпы және жастар бөлімінің Жамбыл облысы бойынша өкілі Аманбаев Ержанның ұйымдастыруымен дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге арнайы Жамбыл облыстық «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері» орталығының қызметкері Гүлзира Бекболатқызы қатысты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында  ҚМДБ-ның Жастармен жұмыс бөлімінің Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Маханұлы, ТарМПИ-дің Дінтану орталығының жетекшісі Таңжарық Қасымқұлұлы және ТарМПИ оқытушысы Бақтияр Алпысбайұлы жастардың басын қосып, кездесу өткізді. Кездесуде Ержан Маханұлы «Ата-ана тәрбиесі», «жақсы білім иесі болу»  тақырыбында имандылыққа баулитын өнегелік мәні бар уағыз айтып, иманды жастар болашақ кепілі екенін естеріне салды. Кездесу соңы студенттер қойған сұрақ-жауаптарға ұласты.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жаратқан Иеміз қамшының сабындай ғана мына қысқа  заманда, бірімізді мал-дүние байлықпен, енді бірімізді жарлылықпен сынайды. Сонымен қатар, игі істерге мұрындық болған мұндай атымтай жомарттар  дүниелерін берекесін кіргізіп,  күнәларынан арылады.Міне аудандық «Қордай» мешітінің қызметкерлері осындай ниеттте болған жандарды біріктіріп, тағы бір қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Әлем  мұсылмандары  дүркіретіп  атап  өтіп  жатқан  мәуліт  мерекесі  Қордай  жерінде де өз жалғасын табуда. Олай дейтініміз, Қордай жерінің Қарасу елді мекенінде орналасқан  «Әл-Хадий» мешітінде мәуліт мерекесі аталып өтті. Мүбарак мерекеге Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай, Қарасу ауылының әкімі  М.Күзербаев, аудандық мешіттің алқа мүшелері Б.Байтөле, А.Омаров, ауыл ақсақалдары және шәкірттер қатысты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қасиетті Мәуліт айында жұма күні аудандық «Қаратау» мешіт үлкен сыйға ие болды. Ауданымызға арнайы келген ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қары Жұмабаев мырза салихалы уағыз айтып, имамдық етуімен қасиетті жұма намазы өтелгеннен кейін Талас аудан әкімі Рымтаев Досан Тасболатұлы мешітімізге жеңіл автокөлік «Daewoo Nexia» машинасының кілтін табыс етті. Сондай-ақ, осы бір елдің рухын асқақтатқан сәтте қуанышқа ортақ болған ҚМДБ-ның Жамбыл обылысының өкіл имамы мен сол қуаныштың себепкері аудан әкіміне жамағат атынан ақ сақал аталарымыз бен ақ жаулықты апаларымыз шынайы алғыстарын білдірілді. Әлбетте, елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еліміз үшін, асыл дініміз үшін жасап жатқан қамқорлық істерінен ғибрат алып, ауданның діни ахуалын өркендетуге қолқабыс жасаған аудан әкіміне Алла разы болсын!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Елімізде өзге елдердегі сияқты соңғы жылдарда екі дүниенің сәруары, бүкіл әлемге рақым етіп жіберілген, Алла тағаланың сүйікті әрі соңғы елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) туылған күнін атап өту үрдіске айналуда. Мемлекетімізде жергілікті мешіттерде, үлкен зәулім сарайларда ғибраты мол Мәуліт кеші аталып өтуде.