Ислам ғылымхалы

Намаздың бес уақыт болуының хикметтері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Намаздың бес уақыт болуының хикметтері

 

Намаздың бес уақыт болуында терең хикметтер бар. Мысалы, Бамдат намазы адамның өмірге жаңа туған сәби кезін еске түсіреді. Рауандап атқан таң сәбидің пәктігіне, жаңа оянып сайраған құстар сәбидің тәттілігіне, әсем тыныштық бейбіт өмірге ишарат етеді. Сондай-ақ, бесін намазы адамның қырықтан асып, қынабынан шыққан қылыштай қылшылдап тұрған шағына ұқсаса, намаздыгер уақытында Күннің батысқа бет алуы адам ғұмырының сексенге келіп, селкілдеп таяқ ұстап, қабір атты төртінші әлемге бет алып, өмір кітабының ақырғы тарауын тауысуға айналып бара жатқан кезеңін еске түсіріп, адам баласын ойлылыққа шақырады. Ақшам

 

143 Муслим, Мусафирин, 96-97.
144 Бухари, Жум, а, 36; Муслим, Жум, а, 12.
 
намазы болса, адам баласының бұл ғұмырдан өтіп, бейне бір өз қабірінің басында тұрып, «Аллаһ үшін не істедің, артыңда қандай өлмейтұғын із қалдырдың?» деп өзін-өзі сұраққа тартып жатқандай халді елестетеді. Ал құптан намазының қараңғылық қоюланып, тыныштыққа оранған мезгілі - беймәлім қабір әлемін еске түсіреді145.
Міне, осылай ойлаған әрбір мұсылман әрқашан Жа- ратушы Жаппар Иеге іштей терең тағзым етіп, ақыретке қарай қадам басады.