Ислам ғылымхалы

Нәпіл намаз оқудың мәкрүһ уақыты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Нәпіл намаз оқудың мәкрүһ уақыты

 

Таң атқан уақытта сол таң намазының сүннетінен басқа ешқандай нәпіл намазы оқылмайды. Хадисте:
«Бамдат намазынан бұрын және бамдат намазы кірген кезде, бамдат намазының екі рәкат сүннетінен басқа намаз жоқ»142 - делінген.
Бамдат (таң) намазын оқығаннан кейін күн шыққанға дейін;
Намаздыгер намазын оқығаннан кейін күн батқанға дейін;
Ақшам намазының парызынан бұрын;
Айт намаздарынан бұрын үйде де, мешітте де; Айт намазынан кейін мешітте;

 

141 Муслим, Мусафирин, 293; Әбу Дәәуд, Жәнаиз, 51; Тирмизи, Жәнаиз, 41.
142 Ханбәл, II, 104.
 
Арафат пен Муздәлифәда қосып оқыған екі намаздың арасында;
Парыз намазының уақыты бітуге шақ қалғанда; Парызға тұрып, тәкбір (қамат) айтылып жатқанда
оқуға болмайды. Ал таң намазының сүннеті бұлардан тыс. Яғни, басқа сүннеттерден қарағанда бұл сүннет әлдеқайда маңызды болғаны үшін оқылуға тиіс. Аллаһ Елшісі былай дейді: «Бамдат (таң) намазының екі рәкат сүннеті дүние мен оның ішіндегі барлық нәрседен артық»143 - делінген.
Жұма күні имам мінберге шығып хұтба оқып, жұма намазы біткенге дейін нәпіл намаз оқуға болмайды. Хадисте: «Жұма күні имам хұтба оқып жатқанда, мұсылман адам жанындағы адамға тіпті «тыныш» дегенінің өзі қателік»144  - делінген.