Ислам ғылымхалы

Намаз түрлері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Намаз түрлері

 

Намаз үшке бөленеді:
1) Парыз

 

125 М. Фатхуллаһ, Мұхаммед пайғамбар - ғаламның  рақым нұры.
Дәуір баспасы, Алматы, 2004 ж. (ауд: Ахмет Әшен)
 
2) Уәжіп
3) Нәпіл
Ханафи мәзһабынан басқа мәзһабтар «уәжіп үкімі» дегенді қабыл етпейді. Олар парыз және нәпіл деп на- мазды екіге бөледі:

 

Парыз намаздар

 

Парыз намаздар - «айн парыз» (жалқы парыз),
«кифая парыз» (жалпы парыз) болып екіге бөлінеді. Айн парыз намаз - балиғатқа толған барлық мұсылмандарға парыз, әрқайсысы оларды жеке-жеке іске асыруға міндетті. Айн парызға бес уақыт намаз бен жұма намазы жатады.
Жұма намазы - сол күнгі бесін намаздың орнына жамағатпен оқылатын екі рәкат намаз. Жұмадан кешіккен сол күннің бесін намазын оқиды.
Кифая намазы - бір мұсылман ғұмырдан өткенде әуелі жақындары мен таныстары, жалпы мұсылмандардың оқитын жаназа намазы. Бұл намазды бірнеше мұсылман оқыса жетіп жатыр. Басқалары оқымағандықтары үшін жауапты болмайды. Намаздың сауабын оқыған ғана алады. Ал, ешкім оқымаса бәрі күнәһар болады.

 

Уәжіп намаздар

 

Уәжіп намаздар - мұсылманның іс-әрекетіне байла- нысы жоқ және тікелей байланысы бар уәжіп деп екіге бөлінеді. Бірінші топтағы уәжіп намаздарына - құптан намазынан кейін оқылатын үш рәкат үтір намазы мен Рамазан және Құрбан айтта оқылатын айт намазда- ры жатады. Екінші топқа нәзір (атау) намазы, қателік сәждесі және басталып, аяқталмай бұзылған намаздың қазасы жатады. Нәзір намазы - адамның өзіне міндет болмаған намазды атау арқылы уәжіп еткен намаз.

 

Нәпіл намаздар

 

Парыз бен уәжіп намаздардан өзге намаздар «нәпіл намаз» деп аталады. Парыз намаздардың алдында және соңында оқылатын сүннет намаздар нәпіл намазға жатады. Нәпіл намазды сүннет намаздарынан бөлек дәрежеге жатқызған ғалымдар да бар. Олар намаздар- ды төртке бөледі:
1) Парыз намаздар
2) Уәжіп намаздар
3) Сүннет намаздар
4) Нәпіл намаздар
Бірақ ең дұрысы, парыз бен уәжіп намаздардан тыс намаздарды - жалпы нәпіл намаз деп атап, бұларды жеке-жеке топқа бөлу. Бұл - жүйелі және ерікті сүннет деп екіге бөлінеді. Жүйелі (рауатиб) сүннет белгілі бір жүйемен бес уақыт парыз намаздарымен бірге оқылған намаздар. Яғни, белгілі тәртіппен оқылған сүннет на- маздар.
Бұл сүннеттер де «мүәккәд» (бекітілген) сүннет»,
«ғайру мүәккәд» (бекітілмеген) сүннет болып екіге бөлінеді. Мысалы, таң намазының екі рәкат сүннеті - мүәккәд сүннет, намаздыгер мен құтпанның алдындағы төрт рәкат сүннеттер - ғайру мүәккәд сүннет болып са- налады.
Екінші «ерікті» сүннетке - Хазіреті Пайғамбардың белгілі бір уақыттарда немесе кейбір себептер арқылы оқыған, адамның қалауымен кез-келген уақытта Аллаһқа жақындау үшін оқыған намаздар жатады. Бұларға тәһажжүд намазы, сәске намазы, истихара намазы, жаңбыр дұғасы, хусуф намазы, кусуф намазы, тахиятул- мәсжид, тәубе намазы, әууабин намазы, тәсбих намазы, ихрамға кіру намазы, жолға шығу, жолдан оралу намазы, қажеттілік намазы, дәрет пен ғұсылдан кейін оқылатын нәпіл намаздар жатады126.
Исламда сүннет намаздар,  әсіресе, бес уақыт намаздардың сүннеттері - парыз намаздарға дайындық әрі оларға қорған намаз ретінде бағаланған. Әрі бұл сүннеттер - Хазіреті Пайғамбарға шынайылықты білдіретін намаздар. Сол себепті, бұл намаздардың оқылуы қатты насихат етіліп, тәрк етілуі жаман әрекет саналған. Бірақ бұл сүннет намаздардың - кейбір се- бептерге байланысты оқылмауына рұқсат беріліп, кеңшілікпен қаралған127.


Намаз уақыты

 

Парыз намаздармен бірге қоса оқылатын сүннеттер, үтір, тарауих және айт намаздары үшін уақыт шарт. Парыз намаздар: бамдат (таң), бесін, намаздыгер (асыр), ақшам (намазшам) және құптан намаздарынан тұрады. Жұма намазы бесін намазының орнына өтеді. Уақыты кірмей ешқандай намаз оқылмайды.
Уақытынан кейін оқылған намаз - намаздың қазасы. Намаз парыз адамға намаздың уақыттарын білу аса қажет. Оның уақыттары Кітап пен сүннетте берілген. Олар мыналар:

126 Негізінде жалпы халықта жүйелі сүннет - «сүннет намаз», ерікті сүннет - «нәпіл намаз» деп айтылады.

 

127 ДИА. Ілімһал. т. 224-225-беттер.
 
                                           Бамдат (таң) намазы

 

Екінші таңның атуынан күннің шығуына дейінгі мезгіл - бамдат намазының уақыты. Екінші таң - таңға қарай шығыс көкжиегінің бозаруы. Бұл уақытпен бамдат уақыты кіріп, құптан намазының уақыты шығады. Осы сәттен бастап ораза ұстайтындар үшін ғибадат уақыты басталады. Сол себепті бұны «шынайы шапақ» деп атайды. Бұның алдында бірінші таң бар. Бұл - шығыс көкжиегінің ортасында жоғарыға тікелей көтерілген, екі жағы қараңғы бейне бір созылған сымдай жайылған жарық. Бұл жарық аз уақыт ішінде жоғалып, орнын қараңғылық басады. Осыдан кейін екінші таң атады. Осы бірінші  таңға, таң уақытының кіргенін көрсетпегендіктен әрі жалған жарық болғаны үшін «жалған таң» деп ата- лады. Бұл таң - түннің жалғасы. Бұл уақытта құптан уақыты шықпайды да, таң намазы кірмейді де. Ораза ұстайтындар осы уақытта ішіп-жеулеріне болады. Бұған мына хадис дәлел:
Аллаһтың Елшісі (с.а.у.) былай дейді: « Таң (шапақ) екеу. Біріншісі - бамдат намазын оқуға болмайтын, бірақ ішіп-жеуге болатын жалған шапақ. Екіншісі - ішіп-жеуді харам, таң намазын оқуды адал еткен таң шапағы». «Таң намазының уақыты - екінші таңның ату- ынан күннің шығуына дейінгі мезгіл»128. Күн шыққаннан бастап, түскі уақытқа дейінгі мезгілде - ешқандай парыз намаз міндеттелмеген аралық уақыт.
Бамдат намазын айнала көрініп жарық болған кезде оқу - мұстахап.

 

128 Бухари, Мауақит, 27; Әбу Дәәуд, Салат, 2;
 
                                                         Бесін намазы

 

Бесін уақыты - күннің көктің ең жоғары тұсынан батысқа қарай ауа бастағанда басталып, барлық нәрсенің көлеңкесі өзінен бір есе ұзаруына дейін жалғасады. Бесіннің осы уақыты - алғашқы аср (намаздыгер) деп аталады. Бұл - Әбу Юсуп, Имам Мұхаммед, Шафиғи, Малик және Ханбәлдің көзқарастары. Әбу Ханифа бо- йынша, бесіннің уақыты барлық нәрсенің көлеңкесі, екі есе ұзарғанға дейін жалғасады. Осы кезде бесін намазы шығып, аср (намаздыгер) уақыты кіреді. Бұны - екінші аср деп атайды.
Фақиһтердің көпшілігінің  дәлелі мына хадис: Жебірейіл  (а.с.) Хазіреті Пайғамбарға намаздың уақытын үйреткен кезде, екінші күні барлық дененің көлеңкесі бір есе болғанға дейін намазын оқыған129. Әбу Ханифаның дәлелі болса, Хазіреті Пайғамбардың мына хадисі: «Бесін намазын салқын түскен сәтте оқыңдар. Өйткені, бесін уақытындағы ыстықтың дәрежесі, жаһаннамның ыстығын еске түсіреді»130. Араб түбегінде қатты ыстық болған уақыт - барлық нәрсенің көлеңкесі бір есе болған кез. Сол себепті, бесінді жаздың салқын уақытында оқу
- мұстахап.
Бесін намазы уақытының бастауына байланысты барлық мүштәһиттердің сүйенген дәлелі мына аят: «Күн батысқа ауғаннан, түн қараңғылығына  дейін намаз оқы»131. Бесін намазының  соңғы уақыты жайлы екі түрлі көзқарастан құтылу үшін бесін намазын алғашқы асыр-

 

129 Әбу Дәәуд, Салат, 2; Тирмизи, Мауақит, 1;
130 Бухари, Мауақит, 9-10. Муслим, Масажид, 180-181.
131 Исра, 17/78.
 
дан бұрын оқу, ал аср (намаздыгер) намазын - екінші аср болғанша оқымаған абзал.

 

Аср (намаздыгер)

 

Аср уақыты - бесін уақытының шыққан сәтінен бастап, күннің батуына дейінгі мезгіл. Жоғарыда айтылған көзқарас бойынша, аср уақыты - мүштәһиттердің басым көпшілігі бойынша, барлық нәрсенің көлеңкесі бір есе, ал Әбу Ханифаның көзқарасы бойынша, екі есе болған сәттен басталып, күннің батқан уақытына дейін жалғасады.
Бұған мына хадис дәлел: «Күн батпай тұрып, аср намазының бір рәкатына үлгерген адам, аср намазына үлгереді»132.
Мүштәһиттердің басым көпшілігі бойынша, аср на- мазын күннің сарғаю уақытына дейін кешіктіру - мәкрүһ. Өйткені, Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай дейді: «Бұл уақытта оқылатын намаз - мұнафықтардың (екі жүзді) намазы. Мұнафық отырып алып, күнді күтеді. Күн шайтанның екі мүйізінің арасына кірген (бата бастаған) кезде, апыл-ғұпыл аср намазын төрт бас оқып, Аллаһты өте аз еске алады»133.

 

Ақшам намазы

 

Ақшам (намазшам) намазының уақыты - күннің толық батуымен басталып, шапақтың жоғалуымен аяқталады. Әбу Ханифа бойынша, шапақ - ақшам уақытында батыстың көкжиегіндегі қызылдан кейінгі

 

132 Малик, Муатта, Уқут, 5; Әбу Дәәуд, Салат, 5;
133 Малик, Муатта, Қуран, 46.
 
бозамық. Әбу Юсуп, Имам Мұхаммед және Ханафи- лардан басқа үш мәзһаб пен Әбу Ханифадан риуаят етілген басқа бір риуаят бойынша шапақ - көкжиекте пайда болған қызамық. Осы қызыл кеткен кезде ақшам намазының уақыты шығады. Бұған ибн Омар анықтама береді: «Шапақ - көкжиектегі қызамық»134. Ханафилар- да фәтуаға негізделген көзқарас - Әбу Юсуп пен Имам Мұхаммедтің көзқарасы.

 

Құптан намазы

 

Құптан намазының уақыты-қызыл шапақтың жоғалған сәтінен екінші таңның атуына дейінгі мезгіл. Екінші таң атқан сәтте құптанның уақыты шығады. Бұған ибн Омардың (р.а.) бізге жеткізген мына хадисі дәлел:
«Шапақ - қызамық. Шапақ жоғалған сәтте, намаз оқу парыз»135.
Құптан намазын түннің үштен біріне дейін кешіктіру
- мұстахап. Түннің ортасына дейін кешіктіру - мүбаһ, себепсіз екінші таңға дейін кешіктіру - мәкрүһ. Өйткені, бұл уақытта адам намаз оқып үлгермеуі ықтимал.
Үтір намазының уақыты - құптан намазынан кейін басталады. Оның соңғы уақыты - екінші таңның атуына аз уақыт қалғанға дейін. Үтір намазын оянуына күмән келтірген адам ұйықтамай тұрып, ал оянатынына сенімді жан осы намазды түннің ақырына дейін кешіктірсе абзал.
Тарауих намазының уақыты, таңдалған көзқарасқа қарай, құптан намазынан кейін басталып, бамдат намазының уақытына дейін жалғасады. Тарауих намазы

 

134 Х. Дөндерен, 200.
 
үтір намазынан бұрын оқылады. Бірақ құптан намазынан бұрын тарауих оқылса, қайта оқуға тура келеді.