Мұсылман болу. Намаз - мұсылман болған ер кісі мен әйелге парыз. Кәпірлерге намаз парыз емес. Өйткені олар дүние мен ақыретте Ислам үкімдерінің тармақтарына жауапкер емес. Олардың ақыреттегі жазасы - күпірліктің қарымы.
Балиғат жасына жету. Балиғат жасына жетпеген балаға намаз парыз емес. Өйткені, Аллаһ Елшісі былай дейді: «Үш адамға қалам жазылмайды: Айыққанға дейін ақылынан адасқанға, оянғанға дейін ұйқыда жатқанға және балиғат жасына жетпеген балаға»146.
Ақыл-есі дұрыс болу: Ақыл - ислами жауапкер- ліктің негізі. Сондықтан Ханбәли мәзһабынан басқа фақиһтардың көзқарастары бойынша, ақылынан адас- қанға намаз парыз емес. Бұл жайлы хадисті жоғарыда
айтып өттік.
145 «Жайнамаз». Мұхитдин Исаұлы, «Қазақ әдебиеті», 29.3.2002.
146 Бухари, Талақ, 11; Тирмизи, Худуд, 1.