Ислам ғылымхалы

Полюстердегі намаз уақыттары

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Полюстердегі намаз уақыттары

 

Бұл тұрғыда екі көзқарас бар:
Уақыт - намаздың бір шарты. Сол себепті бір жерде намаз уақыттарының бірі немесе екеуі жоқ болса, сол уақыттағы намаздар, сол жердің халқына парыз емес. Мысалы, кейбір жерлерде жылдың бір мезгілінде батқан күннің шапағы жоғалмай тұрып, таңның екінші шапағы атып, таң намазының уақыты кіреді. Мұндай жерде құптан намазы оқылмайды. Өйткені түн уақыты - құптан намазының парыз болуына негізгі себеп.


Кейбір фақиһтердің көзқарасы бойынша, мұндай жерлерде өмір сүрген мұсылмандарға да бес уақыт намаз парыз. Тұрған жерлерінде бес уақыт намаздың бірінің уақыты кірмесе, онда сол уақыттың намазын қаза етеді немесе сол аймаққа ең жақын бес уақыты кіретін аймақтың уақытына қарай анықтап, намаздарын орындайды. Уақыт қаншалықты намаздың шарты мен себебі бола тұрса да, намаздың негізгі себебі - Аллаһтың жарлығы. Соңдықтан барлық мұсылмандар бес уақыт намаз оқуға міндетті. Күннің ұзақ уақыт шықпайтын немесе батпайтын полюс аймақтарда намаз жоғарыдағы негіздерге қарай іске асады136.

 

136 Білмен,  а.а.е., 117.