Намазға бастағанда - «Аллаһ» есімінің жанына ұлылық мағынасын білдіретін бір сөздің қосылуы - уәжіп. Мысалы, Аллаһу әкбар, Аллаһу а'зам, т.б.
Намазда «Фатиха» сүресін оқу - уәжіп. Ал Шафиғиларда - парыз. Дәлелдері Пайғамбарымыздың мына хадисі: «Фатиханы оқымаған адамның намазы жоқ»187. Ханафилар бұл хадисті «Намазы толық болмай- ды», - деп түсінгендіктен, намазда «Фатиханы» оқуды уәжіп деп қабылдаған.
Намаздың алғашқы екі рәкатында «Фатиханы» бір рет оқу және оны қайталамау уәжіп.
Парыз намаздардың алғаш екі рәкатында «Фати- хадан» кейін басқа бір сүре немесе бір сүре көлеміндей аят қосып оқу - уәжіп. Бір хадисте: «Біз намазда Фати- хамен бірге жеңіл келген аяттарды оқуға әмір етілдік»188
- делінеді. Бірақ үтір мен нәпіл намаздардың барлық рәкаттарында «Фатиха» мен кез-келген бір сүрені немесе бір сүре көлеміндей аят оқу - уәжіп. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Фатихасыз және қосымша сүресіз оқылатын ешқандай парыз немесе нәпіл намаз толық емес»189.
Қырағаттың намаздың алғашқы екі рәкатында оқылуы - уәжіп.
186 Ханбәл.
187 Тирмизи, Мәуақит, 69.
188 Ханбәл, III.2.
189 Тирмизи, Мәуақит, 69.
«Фатиханы» басқа қосымша сүре немесе аяттардан бұрын оқу - уәжіп. Бір адам қателесіп, «Фатихадан» бұрын бір сүре оқыса, бірақ артынша есіне түсірсе, дереу оқып жатқан сүресін немесе аяттарын тоқтатып, «Фа- тиханы» оқып, соңынан сүре немесе аяттар оқуы тиіс. Намаз ақырында қателік (сәһу) сәждесін жасайды.
Жеке намаз оқыған адам бамдат (таң), ақшам және құптан намаздарын жария немесе құпия оқуға еркі бар. Бірақ бесін, намаздыгер және күндіз оқылатын нәпіл намаздарды құпия оқу - уәжіп. Түнде оқылатын нәпіл намаздарды адам қалай оқыса да ерікті. Хазіреті Айша- дан Пайғамбарымыздың (с.а.у.) түнгі намаздарын қалай оқитындығын сұрағанда: «Кейде құпия, кейде жария етіп те оқитын», - деп жауап берді»190.
Жамағатпен оқылатын намаздардан бамдат, жұма, айт, тарауих және үтір намаздарының әрбір рәкатында және ақшам мен құптан намаздарының алғашқы екі рәкатында жария оқу, бесін мен намазды- гер намаздарының барлық рәкаттарында және ақшам намаздарының үшінші және құптан намазының соңғы екі рәкатында құпия түрде қырағат оқу - уәжіп.
Үтір намазында «құныт» дұғасын оқу мен құныт тәкбірін алу Имам Ағзам бойынша - уәжіп. Бірақ Әбу Юсуп және Имам Мұхаммедтің көзқарасына қарай- сүннет.
Сәждеде маңдаймен бірге мұрынды да жерге қою
- уәжіп. (Имам Әбу Юсуп пен Имам Мұхаммед бойын- ша)
Намаздардың әрбір отырысында «әт-тахият» дұғасын оқу - уәжіп.
190 Нәсаи, Қиямул-Ләйл/23.
Алғаш отырыста «әт-тахиятты» оқып, кідірмей келесі рәкатты жалғастыру - уәжіп. Сол себепті аздап кідіріп қалған адамға парыз қиямды кешіктіргені үшін қателік (сәһу) сәждесі қажет. Сәһу сәждесін қажет ететін бұл кідіріс - «Аллаһумма салли ала Мухаммад» деп ай- тылатындай уақыт.
Үш немесе төрт рәкатты намаздарда бірінші отырыс
- уәжіп. Пайғамбарымыз (с.а.у.) осылай жасаған. Қателесіп, бірінші отырысты отырмай түрегелген уақытта сәһу сәждесін жасаған191.
Қазаға қалған бір намазды күндіз жамағатпен оқыса, егер ол намаз бамдат намазы секілді жария оқылатын намаз болса, онда жария оқылады. Ал, жеке оқылса, қалауы еркінде.
Екі айт намазының әрбір рәкатындағы қосымша үш тәкбірі - уәжіп. Осы намаздарда бірінші рәкаттардың рүкүғ пен сәжде тәкбірлері - сүннет. Бірақ екінші рәкаттың рүкүғ тәкбіріне келсек, уәжіп тәкбірлерінен кейін бітісіп айтылғандықтан уәжіп саналған.
Намаздардың парыздарындағы ретке бағыну - уәжіп. Бұл рет - қырағат пен рүкүғ арасында және әрбір рәкатта қайталанған әрекеттердегі мәселе. Мысалы: бір адам бірінші рәкаттың бір сәждесін тәрк етсе, соңғы отырыстан немесе сәлем бергеннен кейін есіне түссе, дереу бұл сәждені қаза етеді. Одан кейін тәшәһһүд пен отырысты қайталап, оң жаққа сәлем беріп, сәһу сәждесін жасайды. Сосын тәшәһһүдке отырады.
Намаз ішінде оқылған сәжде аяты үшін «тиләуәт» сәждесін жасау - уәжіп.
Намазда жаңылысып яки ұмытып қалып қойған уәжіптер үшін сәһу сәждесін жасау - уәжіп.
Уәжіптердің әрқайсысын өз орнымен жасап, кешіктірмеу - уәжіп. Мысалы, қырағаттан кейін аз уақыт ойға шомып, одан кейін рукуғке бару секілді.
Имам Ағзам мен Имам Мұхаммедтің көзқарасына қарай, намаздың рүкүндерде яғни ішкі парыздарында көңіл толарлықтай уақыт кідіру - уәжіп.
Намаздардан кейін сәлем беру - уәжіп. Яғни, оң мен сол жағына жүзін бұрып, «әс-Сәлам» (сіздерге сәлем) деу - уәжіп. «Алайкум уә рахматуллаһ (Аллаһтың рақымы сіздерге болсын) сөзі - сүннет. Ханафи мәзһабы фақиқтарының басым көпшілігінің көзқарасына қарай, оң жаққа «әс-Сәлам» деу арқылы намаз аяқталады. Кейбір көзқарас бойынша, сол жаққа сәлем беру - сүннет. Сол себепті алғаш сәлемін берген имамға кешіккен адамның ұюы дұрыс емес192.
Намаз сүннеттері
Сүннет - Аллаһ Елшісінің үнемі жасаған және ешқандай себепсіз тастамаған немесе кейде себепсіз жасамаған сөз бен іс-әрекеттері. Намазда «субханака» дұғасын оқу, т.б. іс-әрекеттер - сүннет. Сүннеттің орын- далуында сауап бар. Жасалмаса жаза жоқ. Тек қана ай- ыпталады.
Намаздың сүннеттері намаздың уәжіптерін толықтырып, адамды артық сауапқа кенелтеді. Сүннеттерді орындау, оны әрдайым жасап отыру - Пайғамбарымызға (с.а.у.) деген шынайы махаббат.
1. Бес уақыт намаз бен жұма намазы үшін азан мен қамат оқу. Сол секілді жамағатпен оқылатын қаза на- маздар үшін де азан, қамат - сүннет. Бірақ жамағатпен бірнеше қаза намазы оқылатын болса, тек қана бірінші намаздан бұрын азан шақырып, қалған намаздарда қамат айтылады. Өз үйінде жеке намаз оқитын адам үшін азан мен қамат - мұстахап. Жамағатпен оқылатын намаз үшін азан, қаматтың айтылмауы - мәкрүһ. Жұмаға қалада бола тұрып себепсіз қатыса алмаған жандарға бесін намазын оқыр алдында азан мен қамат қажет емес. Әйел заты үшін де азан мен қамат сүннет емес.
2. Ифтитах (бастау) тәкбірі үшін қолдарын көтеру
- сүннет. Ер кісілер қолдарының бас бармақтарын құлақтарының жұмсағының тұсына, әйелдер қолдарын иықтарына жететіндей кеуделеріне дейін көтеріп «Аллаһу әкбар» дейді. Қолды көтерген кезде алақандары ашық күйде құбылаға қаратылып, саусақтары еркін тұруы керек. Ханафилар бұл жайлы мынандай хадистерге сүйенеді:
Бәра ибн А'зиб (р.а.) былай дейді: «Аллаһ Елшісі тәкбір келтірген кезде қолдарын көтеретін. Сонда екі басбармағының екі құлағына жақын болғанын көретінбіз»193.
Әнәс ибн Мәликтен мына хидис риуаят етілді:
«Пайғамбарымыз (с.а.у.) намазды бастаған кезде тәкбір айтатын да қолдарының екі басбармағын екі құлағының
тұсына дейін көтеретін»194. Дәрәқутни бұл хадисті сахих деген.
Мәлик ибн әл-Хуайристен риуаят етілген басқа бір хадисте: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) тәкбір айтқан кезде қолдарын құлақтарының тұсына дейін көтеретін...»195
Шафиғи мен Маликилер ибн Омардың: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) намазға бастаған кезде екі қолын иығының деңгейіне жететіндей көтерді» - деген хадисі бойынша амал етеді.
Ханафи мәзһабында намазда бір-ақ жерде қол көтеріледі. Намазға бастаған уақытта ғана. Ал рүкүғке барғанда және қайтқан кезде тәкбір айтылғанмен қолдар көтерілмейді. Бұған байланысты көптеген сахих хади- стер бар. Мысалы:
Алқама Абдуллаһтан риуаят етті: Ол (Абдуллаһ ибн Мәсғуд): «Мен сендерге Аллаһ Елшісінің нама- зын оқып көрсетейін бе? -деп намаз оқыды. Намаз- да екі қолын бір-ақ рет көтерді». Бұл хадис Насайи- де келтірілген. Дәрежесі сахих. Сондай-ақ, бұл хадис Ибн Әби Шәйбада да келтірілген. Оның риуаятындағы жеткізген жеткізушілердің бәрі Бухари мен Муслимнің шартына сай. Тек Асым ғана Бухаридің шартына сай
194 әд-Дарәқутни.
195 Муслим, әс-Салат.
емес. Бірақ Муслимнің шартына сай. Бұл хадис тағы да Ахмадтың «Муснадында» келген196.
Ханафи ғалымдары рүкүғқа барарда және рүкүғдан қайтқанда қол көтерілетіндігіне байланысты хадистерді емес, Ибн Масғудтың осы хадисін негізге алған. Себебі, Ибн Масғуд сахабалардың арасындағы ең көп фиқһ білімін меңгерген әрі жас жағынан да ең үлкені еді.
3. Имамға ұйыған адамның ифтитах (бастау) тәкбірі имамның ифтитах тәкбіріне жақын болуы - сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл жайлы былай дейді: «Имам тәкбір алысымен, сен де тәкбір ал»197.
Оң қолын сол қолының үстіне қою. Яғни, тәкбір алып, қол байланған кез. Хазіреті Алидің бір риуаятын- да: «Оң қолды сол қолдың үстіне, кіндіктің астына қою сүннеттен»198.
Уайл ибн Хужр: «Расулаллаһтың оң қолын сол
қолының үстіне әрі кіндігінің астына қойғанын көрдім»,
- деді199. (Бұл хадисті Әбу Бәкір ибн Әби Шайба риуаят етті. Хадистің дәрежесі сахих.)
196 Зафар Ахмад, Иғлаус-сунан, 3-том, 70-71 бет. Дарул-кутубул- ғилмия, Байрут. 1997 ж.
197 Бухари, Салат, 18; Муслим, Салат, 62.
198 Әбу Дәәуд, Салат. 118.
199 Әсғад Мухаммад Сағид әс-Сағиржи, Фиқһулханафи уә адиллатуһ, 163-бет. Дәрул-калимут-таййб, Димашқ. Рахматуллаһи Абдунғаний Ибараһим Халил, Нақлул ихтилаф биқасдил-и′тиләф, 77-бет. Сауд Арабия, Әл-мактабатул- мәккиаһ. 2000 ж.
Ерлер оң қолының іш жағын сол қолының үстіне қойып, бас бармақ пен шынашақ арқылы білекті орайды. Әйелдер екі қолын кеудесіне апарып, оң қолын сол қолының үстіне қояды. Бірақ саусақтарымен білектерін орамайды.
4. «Субханака» дұғасын оқу. Яғни, ифтитах (бастау) тәкбірінен кейін құпия түрде «сәна» (мадақ) дұғасын оқу - сүннет. Ол төмендегідей:
«Субханака Аллаһумма уә би-хамдика уә тәбәракас-мука уа та'ала жәддука
уә ләә-иләһә ғайрука».
«Я, Аллаһым! Сені тәсбих етіп (күллі жаратылыс пен нұқсан атаулыдан) пәктеймін. Саған «хамд» айтып, мадақтаймын. Сенің қасиетті есімің аса мүбәрак. Және де сенің ұлылығың аса жоғары. Сенен басқа ешбір құдай жоқ».
Аллаһ Елшісінің намазды бастаған сәтте осы дұғаны оқығандығын Хазіреті Айша жеткізген200.
5. Алғашқы рәкатта - «Фатихадан» бұрын құпия түрде «Ә'узу мен Бисмиллаһтың» оқылуы және келесі рәкаттарда - «Фатихадан» бұрын Бисмиллаһ оқылуы - сүннет. Ә'узу мынау:
«Ә'узу биллаһи минаш-шайтанир-ражим»
(илаһи рақымдылықтан қуылған шайтаннан Аллаһқа сиынамын). Мұның айтылу дәлелі Құранда: «Құран оқыған кезде қуылған шайтаннан Аллаһқа сыйын»201
«Бисмиллаһир-рахманир-рахим» (Рахман және Рахим Аллаһтың атымен бастаймын). Бірақ имамға ұйыған «Фа-
200 Муслим, Мусафирин, 202.
201 Нахыл, 16/98.»
тиханы» оқымайтындықтан, «Ә'узу» мен «Бисмиллаһты» да оқымайды.
6. «Фатиха» біткенде іштей «әмин» (дұғаларымызды қабыл ет) деу - сүннет. Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Имам «уәладдаллин» деген уақытта сендер де «әмин» деңдер, кім де кімнің «әмин» деуі періштелердің «әмин» деуіне дәл келсе, жасаған күнәлары кешіріледі», - деген.202
7. Имамның айтатын тәкбірлері мен рүкүғтен тұрған кезінде:
«Сәми' Аллаһу лимән хамидаһ»
(Аллаһ өзін мадақтаған жанның мадағын естиді) сөзі
мен намаздың соңында екі жаққа жария түрде сәлем беруі - сүннет. Сонымен қатар имамға ұйығандардың рүкүғтен тұрған кезінде құпия түрде:
«Аллаһумма Раббәнәә уә ләкәл-хамд» (Ей, Раббымыз
Аллаһ! Хамд пен мадақ саған ғана лайық) деуі мен тәкбір мен сәлемді құпиялап айтуы - сүннет. Жария оқудың ең төмені - алғаш саптағы адамдар еститіндей болуы керек. Құпия оқудың ең төмені - өзіне ең жақын адамның естуі.
8. Рүкүғ пен сәждеге барарда және тұрғанда алы- натын тәкбір - сүннет, Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.у.) осылай тәкбір алғанын көргенін айтады203. Бірақ рүкүғтен тұрған кезде, «Сәми' Аллаһу лимән хамидаһ» деп айтылады. Рүкүғқа ба- рарда және қайтарда тәкбір айтылғанмен қолдар көтерілмейді.
202 Бұхари/1-108.Хадисті Әбу Һурайра риуаят етеді..
9. Рүкүғтен тұрып жатқан кезде, «Сәми' Аллаһу лимән хамидаһ» деп, артынан «Раббәнә уә ләкәл-хамд» деу де - сүннет. Имам әуелгісін - жария, кейінгісін - құпия айтады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Имам Сәми' Аллаһу лимән хамидаһ» деген кезде, сендер «Раббәнәә уә ләкәл-хамд» деңдер», - дейді204.
10. Рүкүғ пен сәжде тәсбихтары - сүннет.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім рүкүғке барған кезде, үш рет «Субхана Раббиял-а'ла» десін. Бұл сан - тәсбихтың ең аз мөлшері»205 - деп айтқан.
11. Рүкүғте ер кісілердің қолдары мен саусақтардың
арасы ашық түрде тізелерге қойылуы - сүннет. Әйелдер тек қана қолдарын тізелерінің үстіне қоюмен шектеледі. Сонымен қатар ер кісілердің рүкүғте түрегеп тік тұрулары, бастарын арқасымен тең ұстап, одан жоғары көтермеулері де, төмен түсірмеулері де сүннет. Әйелдердің тізелері аздап бүгіледі.
12. Қиямда (түрегеп тұрғанда) екі аяқ арасын иықтың көлеміндей ашық ұстау - сүннет.
13. Сәждеге бара жатқанда алдымен тізелерді, одан кейін қолдарды, одан кейін маңдайды жерге тигізу.
14. Сәжде отырыстары мен тәшәһһүд отырыста-
рында сол аяғын жерге жатқызып, оң аяғын тік ұстап, саусақтарын құбылаға қарату - сүннет. Әйелдер сол аяқтарын оң жағына жатқызып жерге отырады.
15. Отырыстарда және сәжде арасындағы кідірме отырыстарда қолдарын тізеге жақын сандарының үстіне қою.
204 Бухари, Азан, 52.
16. Отырыстарда әт-тахиятты оқығанда «Ләә иләһә» деген кезде оң қолының сұқ саусағын көтеріп, «иллаллаһ» деп, қайта түсірілуі - сүннет. Сұқ саусақ көтерілгенде, қалған саусақтар бүгіледі. Бұл - Аллаһтан басқа құдай жоқтығын қуаттаудың белгісі.206
17. Парыз намаздардың үшінші, төртінші рәкаттарында «Фатиха» оқу қуатты көзқарастарға қарай
- сүннет.
18. Парыз, уәжіп және мүәккәд сүннеттердің соңғы отырыстарында және бекітілмеген сүннет пен пәпіл намаздардың да әрбір отырыстарында әт-тахияттан кейін Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат айту - сүннет.
Қа'б ибн Ужра (р.а.) намаздағы салауаттың баста- луын былайша баяндайды: «Хазреті Пайғамбар біздің жанымызға келді. Біз оған: «Пайғамбарым, Аллаһ бізге саған қалай сәлем беретінімізді үйретті. Сен де бізге саған қалай салауат айту керек екенін үйрет», - дедік. Сонда ол салауат дұғасын былайша баян етті:
«Аллаһумма салли а'ла Мухаммәдин уә а'ла әли Мухаммәд. Кәмәә салайта а'ла Ибраһимә уә а'ла әли Ибраһим. Иннәкә хамидун мәжиид. Уә бәәрик а'ла Мухаммадин уә а'ла әли Мухаммад. Кәмәә бәәрәктә а'ла Ибраһимә уә а'ла әли Ибраһим. Иннәкә хамидун мәжиид».
206 Тирмизи, Салат, 84.
«Я, Аллаһым! Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мұхаммедке және Оның отбасы мен ұрпағына, мейіріміңді төгіп, олардың мерейін үстем ет. Тура хазіреті Ибраһим және оның отбасы мен ұрпағына мейіріміңді төгіп, олардың мерейін үстем еткеніңдей. Және Хазреті Мұхаммед пен оның отбасын, ұрпағын мүбәрак ет. Олардың ырыс- берекетін ұдайы арттыр. Тура Хазіреті Ибраһим және оның отбасы мен ұрпағын мүбәрак еткенің секілді. Күмәнсіз, Сен - Хамидсің, мәжидсің. Яғни барлық мадақ пен ұлылық, асқақтық саған ғана тән». Хазреті Ибраһимнің айтылуы - оған үлкен берекет берілгендігі үшін. Әрі Пайғамбарымыз да (с.а.у.) соның ұрпағынан келеді.
19. Сәлемнен бұрын дұға оқылуы - сүннет. Бұл
дұғаға Құран мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сахих дұғаларының таңдалуы абзал. Намазда оқылатын дұға: «Раббәнәә әәтинә фид-дүниә хасанатән. Уә фил- әәхирати хасанатән. Уә қинәә а'зәбән-нәр». Яғни,
«Я, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де, ақыретте де жақсылық бер. Және бізді жәһаннам азабынан сақта».
20. Намаз соңында алдымен - оңға, сонан соң - солға сәлем беру - сүннет.
21. Намазда алдына қалтқы қою - сүннет. Яғни, ашық жерлерде намаз оқыған адам, алдынан басқалар өтпеу үшін алдына 60-70 сантиметрдей қалың немесе жіңішке ағаш немесе қазық, т.б. қадайды. Жамағатпен оқылатын намазда имамның алдына ғана қойылуы жеткілікті. Намаз оқыған кісі алдынан өтпекші болған адамға «Субханаллаһ» деп ескерте алады207.