Ислам ғылымхалы

Дәрет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дәрет - Исламда кейбір ғибадаттарды іске асыру үшін әрі жеке басына өзінше ғибадат саналатын арнайы тазалану түрі. Бұл - белгілі бір мүшелерді жуу және мәсіх етуден тұрады. Дәрет - негізінде дененің ең көп кірленетін мүшелерін тазалауды көздеген Исламдағы маңызды ғибадат. Сондықтан да дәретсіз намаз оқып,

 

63 ЗуҺайли, 1,470-471.
64 Ибн Мажә, Таһарат, 92,
65 Бақара, 2/222.
 
Қағбаға тауап ете алмайды. Құранды да дәретсіз қолмен ұстай алмайды. Бірақ ашық тұрған Құранның бетіне қарап оқи алады. Дәреттің осы дүниелік әрі ақыреттік пайдалары көп. Пайғамбарымыз бұл тұрғыда: «Кімде- кім әмір етілгендей дәрет алып, әмір етілгендей намаз оқыса өткен күнәлары кешіріледі»66.
«Кімде-кім дәрет алып, жүзін  жуғанда, бет мүшелері жасаған күнәлары, аяқ-қолдарын жуғанда, сол мүшелермен жасаған күнәлары су тамшыларымен бірге ағып, тап-таза болады»67, - дейді.
Хазіреті Осман әңгімелейді:
«Пайғамбарызбен бірге едік. Дәрет алып жатқан бір кісіні көзі шалып, Аллаһ Елшісі сәл езу тартты. Мен мұның мәнісін білгім келіп:
- Не үшін күлдіңіз, құрметтім? - дедім. Ол кісі маған қарап:
- Жаратушы  Иемнің дәрет  алатын  құлына көрсететін ілтипатын  ойлап езу тарттым. Дәрет алған кезде адам денесінің әр мүшесін жуған сайын, сол мүшелерден сумен  бірге адамның күнәлары да сыздықтап ағып кетеді, - деп жауап берді.

Дәреттің парыздары

Құранда дәретке байланысты: «Ей, иман еткен- дер! Намазға тұрарда жүздеріңді және қолдарыңды шынтаққа дейін жуыңдар. Бастарыңа мәсіх тартып, аяқтарыңды  екі тобығына дейін жуыңдар»68  - делінген. Аятта төмендегідей төрт парыз айтылған:

 

66 Бухари, Уду',28.
67 Муслим, Таһарат, 32.
 
1. Жүзді жуу: бұл жерде беттің бір рет жуылуы парыз. Мұның өлшемі-шаштың шетінен басталып, иек асты мен құлақтың түбіне дейінгі жерлерге, сақал, мұрт және қастардың түбіне су бару керек.
2. Екі қолын жуу: екі қолын, білегін шынтағымен  қоса бір рет жуу - парыз. Саусақтарының арасын, жүзігі болса, оның астына су баруын қадағалау қажет.
3. Басқа мәсіх ету: басының төрттен  бірін су
қолымен немесе басқа жерде қолданбаған таза ылғалмен бір рет мәсіх ету - парыз. Муғира ибн Шуғбә былай дейді: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) дәрет алып басының алдын, сәлдесінің үстін және мәсілерін мәсіх етті».
4. Аяқтарын жуу: аяқтарын екі тобығымен бір рет жуу-парыз. Тобықтарды бірге жуу өте маңызды. Пайғамбарымыз: «Отта жанған сол тобықтардың халі неткен жаман», - деп қатты ескерткен69.


Дәреттің сүннеттері

 

1. Ниет ету. Дәретке іштей ниет ету - сүннет.
Жүрекпен қоса тілмен ниет ету - мұстахап.
2. Дәретке бастаған кезде алдымен  қолдарын білектеріне дейін жуу - сүннет. Бірақ таза болмаған қолдарын жуу - басқа  мүшелерді  кірлетпеу үшін парыз.
3. Дәретті «Ә'узу» және «Бисмиллаһпен» бастау.
Пайғамбарымыз  (с.а.у.): «Кімде-кім дәрет алғанда
«Бисмиллаһ» деп бастаса, барлық денесін тазалайды.

 

69 Бухари, Илм, 30.
 
Кімде-кім дәрет аларда Аллаһтың атын еске алмаса, тек қана дәрет мүшелерін тазалайды»70.


4. Мадмада мен истиншақ. Қолдарын жуғаннан кейін алдымен үш рет аузына су алып шайқап төгуді - мадмада, үш рет мұрнына су алып төгуді - истиншақ деп атайды. Бұл жайлы Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім дәрет алуға әзірленіп, алдымен мадмада, истиншақ, ис- тиншар жасаса, сөз жоқ, сумен бірге аузы мен мұрнының күнәлары төгіледі»71.
5. Мадмада мен истиншақта тереңдік: Су мадмада- да тамаққа дейін, истиншақта кеңсірікке дейін барады. Бірақ аузы берік жандарға мұны жасауға болмайды. Сонымен қатар, аузы мен мұрнына суды рет-ретімен алу, суды жаңалау, оң қолымен алу, шалқалау және аузы берік адамдар мұрнының тек жұмсағына дейін су жіберу-мүәккад сүнеттерге жатады.
6. Мисуак қолдану. Мисуак - араб  түбегінде өсетін, тісті тазалауға таптырмайтын ағаш. Ол жайында Пайғамбарымыз (с.а.у.) көп өсиет еткен. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Мисуак - ауыздың тазалығы, Раббыңның да разылығы», - дейді72. Басқа бір хадисінде: «Үмбетіме ауыр келмегенде әр намаздың алдында мисуак қолдануды әмір етер едім», тағы бір хадисінде «Әр дәретпен бірге мисуак қолдануды әмір етер едім»73, - дейді.
«Мисуак қолдану - маңызды сүннет. Бұрынғылар осы хақында том-том кітаптар жазған. Бүгінгі зерттеушілер

 

70 әш-Шәукәни, Мухаммәд ибн Али. Нәйлу'л-Әутәр фи Шәрхи Мултәқәл'-Ахбар. Египет.т. 1. 135,
71 Муслим, Мусафирун, 294.
72 Бухари, Саум, 27.
73 Муслим, Имарә, 103; Ханбәл, 1, 80.
 
мисуактың жаңаша ғылыми анализін жасап, жан-жақты терең зерттеу үстінде.
Сиуәктау - «тіс тазалау» деген сөз. Сондықтан, ми-
суакпен ғана шектеулі емес, саусақтармен, тұзбен, паста- мен, т.б. нәрселермен де жасай алады. Бірақ мисуактың орны ерекше.
Пайғамбарымыз  (с.а.у.) күніне он бес рет мисуак қолданып, сүннет етуді әмір етіп, қазіргі тіс тазалығы мен тіс ауруына деген сақтықтан әлдеқайда басым түскен. Халықты былай қойғанда, тіс дәрігерлерінің өзі күніне бес-он рет тістерін тазалайды деп ойламай- мын. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) кем дегенде күнделікті тіс тазалауының өзі осыған жететін. Пайғамбарымыз (с.а.у.) түнде бірнеше рет намазға тұрғанда сөзсіз мисуак қолданатын еді.74 Таң намазында, күн шығыс және сәске намаздарында, бесін, намаздыгер, намазшам және құптан намаздарында мисуак қолданатыны секілді, тамақтан кейін де тістерін мисуакпен тазалайтын. Санайтын болсақ, Аллаһ Елшісінің алдыңғы айтқан сандардан әлдеқайда көп мисуак қолданғанына куә боламыз»75.
7. Рет-ретімен жасау. Дәретте мүшелерін аятта берілген ретпен орындау. Яғни, алдымен қолды, бет- жүзді, содан-соң екі білекті шынтағымен жуу, басты мәсіх ету, аяқтарды жуу.
8. Дәретті оң жағынан бастау. Алдымен оң қол және оң аяқ жуылады. Хазреті Айша Пайғамбарымыздың (с.а.у.) барлық істі оңнан бастағанды жақсы көретінін айтады76.

 

74 Бухари, Уду' 73; Муслим, Таһарат 46,47,
75 М. Фатхуллаһ, Мұхаммед пайғамбар - ғаламның  рақым нұры.
Дәуір баспасы, Алматы, 2004 ж. (ауд: Ахмет Әшен)
76 Бухари, Салат, 47.
 
9. Дәрет мүшелерін үш реттен жуу. Барлық дәрет мүшелерін үш реттен жуу - сүннет. Сондықтан не артық, не кем жуу сүннетке қайшы. Бірақ, әлбетте күмәнданып, қайта жуудың жөні басқа. Мәсіх бір рет қана істеледі.
10. Дәретте қолдарын, аяқтарын жуған кезде саусақ ұштарынан бастау.
11. Саусақтарды салалау. Дәрет алғанда  қол мен аяқ саусақтарының арасын салалап жуу керек. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Саусақтардың  арасын салалаңдар. Олардың арасына жаһаннам оты кіріп, оларды салаламасын»77, - деді.
12. Сақалдарды салалау. Дәрет алған кезде тығыз сақалы болғандар қолдарын  сақалдарының  арасы- на кіргізіп, жоғары  қарай  тартып салалау керек. Пайғамбарымыз  (с.а.у.) осылай салалап:  «Раббым маған осылайша әмір етті», - дейді78. Қысқа не сирек сақалдардың араларына су кіру оңай болғандықтан жуу жеткілікті.
13. Қаптама мәсіх - басына толық мәсіх жасау. Шынашақпен (кіші саусақ) бірге үш саусақ ұшма-ұш келтіріліп, маңдайынан желкеге дейін осы үш саусақпен мәсіх етіп, желкеден соң алақанымен құлақ үстіндегі бастың екі жағы, сұқ саусақтарымен құлақтың ішін, бас бармақпен құлағының арты, саусақтар сыртымен мойынға мәсіх ету - сүннет. Тамақты мәсіх ету сүннетке жатпайды.
14. Дәрет мүшелеріне су құйып ысқылау.
15. Дәрет мүшелерінің бәрін бір уақытта жуу. Яғни, бірі құрғамай жатып, екінші мүшені жуу.


77 Әбу Дәәуд, Таһарат, 56.
78 Нәйлу'л-Әутәр, 1,148.