Ислам ғылымхалы

Дәретті бұзатын. бұзбайтын. кедергі жасамайтын нәрселер

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дәретті бұзатын нәрселер

 

1. Үлкен-кіші дәрет, қан, мәни, мәзи, уәди секілді нәжісаттың немесе қандай бір сұйық, не қою нәрсенің шығуы.
2. Мұрыннан немесе дененің кез-келген жерінен қан, ірің секілді нәрселердің шығуы. Ауыздан келген қан егер түкіріктің көлеміндей немесе түкіріктен көп болса, дәретті бұзады. Аз болса бұзылмайды.  Дененің басқа жерінен шыққан қан айналасына жайылса, дәретті бұзады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Әрбір аққан қан үшін дәрет алу керек», - дейді. Егер ине ұшындай бір қан шығып, қатып қалса дәретке зияндығы жоқ. Тіпті оны қолмен сүртіп не үгітіп тастау да дәретті бұзбайды. Сол секілді жарадан аққан ірің мен сары су да қан секілді.
 
3. Жел шығуы. Хадисте желдің шығып-шықпағаны жайлы күмәнданған адамға желдің дыбысы яки исі сезілмейінше, дәреттің бұзылмайтыны жайлы айтыла- ды80.
4. Аузы толып құсу. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Құсу
- дәретті бұзады», - дейді81. Ауыз тола су, тамақ, қан, запыран секілді құсықтар дәретті бұзады. Қақырық түкірік секілді болғандықтан дәретті бұзбайды.
5. Намазда дауыстап күлу. Бұл - жанындағы адамға естілетіндей күлуі. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім намазда дауыстап күлсе, дәретін жаңалап, намазын қайта оқысын» дейді82.
6. Ақыл-есінен айыратын жағдайлар  дәретті бұзады. Ұйықтау, ақылына нұқсан келу,  талу, мас болу секілді жағдайлар. Бірақ ұйықтау мәселесі басқа. Егер адам бір нәрсеге сүйеніп немесе жантайып жатса, я болмаса аяқтарын созып отырып ұйықтаса, дәрет бұзылады. Өйткені, мұндай еркін ұйықтаған жағдайда жел шығу ықтималы бар. Бірақ адам жерге жақсылап отырып, ешбір жерге сүйенбесе немесе намазда қиямда, рүкүғта, сәждеде ұйықтаса, тіпті намаздан тыс осылайша ұйықтаса, дәреті бұзылмайды.
7. Жыныстық қатынаста болу.
8. Ерлі-зайыптылардың жыныс мүшелерінің киімсіз бір-біріне тиюлері.
9. Мәсілерге мәсіх етілгеннен кейін жергілікті тұрғынға бір күн, бір түннің, ал жолаушыға үш күннің

 

80 Бухари, Уду', 34.
81 Тирмизи, Таһарат, 64.
82 Зәйлаи, Хафз Абдуллаһ ибн Юсуп. Насбур-Раиә ли Ахадиси Һидаиә. 1973. 1, 47-54.
 
өтуі немесе мәсіх етілгеннен кейін сол уақыт ішінде мәсінің біреуін болсын шешуі.
10. Үзірлі адамның алған дәретінің уақыты шығуы. Белгілі бір себебі бар, мысалы, тісі қанай беретін адам әр намаз уақытының ішінде сол уақыт үшін дәрет алу керек. Жаңа азан оқылғанда сол уақытқа арналып алған дәреті бұзылады да, оған жаңа уақыт үшін қайта дәрет алуы қажет.
11. Тәйәммүм жасаған адамның суға қолы жетуі.


Дәретті бұзбайтын нәрселер

 

1. Адамның денесінің кез-келген жерінен шыққан қан, сары судың жайылмай шыққан орнында тұруы.
2. Аузы толмай шыққан құсық.
3. Қатқан қанның қанамай үгіліп түсуі
4. Түкірік немесе сіңбірікке аз қан араласуы.
5. Ауыз тола қақырық тастау.
6. Мұрын,  құлақ, болмаса бір жарадан  дене құртының түсуі.
7. Тістелген жемісте не щеткада көрінген аққандығы білінбеген қан ізі.
8. Кене, маса, сүліктің, т.б. тойғанша сорған қаны. Бірақ сүліктің сорып болғаннан кейін жалғаса аққан қан дәретті бұзады.
9. Жақсылап мығым отыру немесе намазда аяқта, рүкүғте, сәждеде ұйықтау.
10. Намаздан тыс немесе жаназа намазында тұрып я болмаса тиләуәт сәждесінде дауыстап күлу.
11. Жылау дәретті бұзбайды.
12. Дауыссыз жай ғана жымию намазды да, дәретті де бұзбайды.
 
                              Дәретке кедергі жасамайтын  нәрселер

 

1. Адамның  денесінен шыққан  терлер   мен тырнақтың кірлері.
2. Бояушының қолындағы немесе тырнақтарындағы кетпей қалып қойған бояулар да дәретке кедергі жаса- майды.
3. Бір  адам дәреті бұзылғаннан кейін  алып- алмағанына күмәнданса, дәреті жоқ болып саналады. Ал, керісінше дәрет алғаннан кейін бұзылып-бұзылмағанына күмәнданса, дәреті бар деп саналады.
4. Дәрет кезінде немесе алып болғаннан кейін бір мүшенің жуып-жумағаны жайлы шүбәланса, қайта жуады. Егер мұндай екі ойлылық, уәсуәса жиі қайталанса, ондай кезде жудым деп, қанағат ету керек.