Ислам ғылымхалы

Үзірлі адамның дәреті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Денеде бір ақау болып, дәреттің жиі бұзылуына себеп болуы үзір деп саналады. Мысалы, мұрынның, тістің жиі-жиі қанауы, кіші дәреттің ағуы, әйел адамдардың хайыздан басқа құрсақ тамырының бұзылуынан пайда болған қан, т.б.
Мұндай адам әр парыз намазы үшін дәрет алады. Оған төмендегі хадис дәлел: «Үзір қанын көрген әйел, әрбір намазы үшін дәрет алады»83. Осылай бір намаз уақыт ішінде дәрет алған адам келесі намаз уақыты кіргенге дейін парыз, нәпіл, жаназа, қаза, айт намазда- рын оқи алады. Сонымен қатар Құранды да ұстай алады.
Осы үзірден тыс дәрет бұзылса, ол басқа мәселе.

 

83 Зәйлаи, 1, 204.

 

Үзірлі адам таң намазы үшін сол уақытта дәрет алса, дәреті уақыттың шығуына дейін, яғни күн шыққанға дейін жалғасады. Бірақ адамның үзірі тоқтаған кезде дәрет алып, үзірі қайталанбай дәретті бұзатын басқа бір жағдай болмай тұрып, уақыт шықса, мұндай жағдайда намаз уақытының шығуымен алған дәреті бұзылмайды.
Бірақ бір үзірлі кісі күн шыққаннан кейін алған дәретпен бесін намазының уақыты шыққанға дейін дәретті бұзатын басқа бір жағдай болмайынша, қалағанынша намаз оқи алады. Өйткені, күн шыққаннан кейінгі уақыт пен бесін намазына дейінгі аралықтағы уақыт - екі парыз намазының арасы емес. Үзірлі адамның киіміне үзірден шыққан қан, ірің, т.б. намазына кедергі жасамайды. Ислам - жеңілдік діні.