Аллаһ Тағала әйел затын рухы мен тәні жағынан ерлерге қарағанда бөлек жаратқан. Мысалы, әйел аса мейірімді, рақымды, тез қамығып, тез қуанатын сезімтал етіп жаратылған. Осы әйел затында хайыз, нифас, үзір халдері бар. Әйелдің балиғат жасына жетуі де хайыздың алғашқы көрінуімен басталады.
Хайыз
Хайыз (етеккір) - әр айдың белгілі күндерінде әйел адамдарда кездесіп, кей ғибадаттарына кедергі келтіретін қан. Әйел хайызы, Имам Ағзам мәзһабы бой- ынша, шамамен тоғыз жасынан елу бес жасына дейін жалғасады. Хайыз пайда болған әйел намазы мен ораз- асын дереу доғарады. Бірақ оразасының кейін қазасын ұстайды. Хайыз күндеріндегі намаздарының қазаларын
«жеңілдік қағидасына» байланысты өтеуінің қажеті жоқ. Хайыздың ең аз мерзімі - үш күн. Ең көбі - он күн. Бұдан азды-көпті болса «үзір қаны» деп саналады. Хайыз қаны - Аллаһтың әйелдерге жазғаны. Хазіреті Хауа анамыздан бастап әрбір әйел хайыз көре келген.
Пайғамбарымыз: «Бұл хайыз Аллаһ Тағаланың Адамның қыз ұрпақтарына жазған нәрсесі», - дейді58.
Нифас
Нифас - әйел адам босанғаннан кейін пайда бола- тын қан. Мұның белгілі бір мерзімі жоқ. Ханафилер бойынша, нифастың ең ұзақ уақыты - қырық күн. Умми Сәлама былай дейді: «Нифасты әйел Аллаһ Елшісі (с.а.у.) заманында қырық күн, қырық түн күтетін»59. Нифас мерзімінде нифас қаны кейбір күндері тыйылып, сосын қайта жалғасса тыйылған бұл күндер де нифас күндері болып саналады.
Хайыз бен нифас қандары тоқтаған кезде, ғұсыл
алу қажет. Аллаһ Тағала былай дейді: «(Мұхаммед) олар сенен етеккір жайында сұрайды. Оларға: Ол жиіркенішті нәрсе, етеккір кезінде әйелдеріңнен алыс тұрыңдар. Оларға тазарғанға дейін жақындаспаңдар. Қашан олар толық тазарса, оларға Аллаһтың өздеріңе бұйырған жерінен жақындасыңдар де»60.
Әйелдер мұндай кездерде намаз оқи алмайды. Ораза да ұстай алмайды. Бірақ оразаның қазасын кейін өтейді. Қажылық кезінде Қағбаны тауап ете алмайды61. Құран оқи алмайды. Пайғамбарымыз: «Хайыз, жүніп болған әйел Құран оқи алмайды», - дейді62. Ханафилер бойын-
ша, мұндай кезде әйелдер Құранды жатқа дұға ниетінде
58 Бухари, Хайыз. 1,7.
59 Әбу Дәәуд, Таһарат, 119.
60 Бақара, 2/222.
61 Бухари, Хайыз.20.
62 Тирмизи, Таһарат,98
оқуына болады63. Сол секілді мешітке де кірулеріне бол- майды. Бір хадисте былай айтылған: «Ешқандай хайыз әйел, жүніп кісі мешітке кіре алмайды»64. Етеккір кезінде жыныстық қатынас та жасай алмайды. Аятта былай ай- тылады: «(Мұхаммед) олар сенен етеккір жайында сұрайды. Оларға тазарғанға дейін жақындаспаңдар... де»65.
Әйелдің үзір қаны (итихада)
Үзір қаны - құрсақтан емес, дененің бір тамырынан ағатын қан. Балиғат жасына жеткен әйелдің үш күннен аз, он күннен артық аққан қаны хайыз қаны емес, үзір қаны болып табылады. Нифас болған әйелдің қырық күннен кейінгі және жүкті кезіндегі қаны да үзір қаны.
Әйелдің мұндай үзірі ғибадатқа кедергі келтірмейді. Тек дәреті болған кезде ақса, жарадан аққан қан секілді дәретті бұзады. Тоқтаусыз жалғасса, әйел «үзірлі» қатарына жатып, әр уақыт намазға арнайы дәрет алады.