Истинжа - қан, мәни, үлкен дәрет, кіші дәрет сияқты ластықтардан тазалану. Су арқылы, сақарада кішкене таспен де тазалауға болады. Пайғамбарымыздан сұрағанда: «Су мен тас арқылы» деп жауап берген34. Бірақ көмір, сүйекпен тазалау - мәкрүһ. Арнайы жасалған әжетхана қағазы және басқа да қағаздар жарамды.
Истибра
Истибра - кіші дәрет қалдықтарынан түгелдей арылу. Кіші дәретке истибра жасау - сүннет35. Истибра дәрет алмастан бұрын аздап күту, жүру, жөтелу арқылы жасалады. Бұл - ер кісілерге байланысты іс. Истибраға мына хадис дәлел: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) екі қабірдің жанынан өтті де, былай деді: «Олар азап шегуде. Азабы үлкен бір іс үшін емес. Кіші дәрет сындырғаннан кейін истибра жасамайтын»36.