1. Жүніп болған ер мен әйелдің, хайыз бен нифастағы әйелдің намаз оқуы харам.
2. Қағбаны тауап ете алмайды.
3. Зәру жағдай болмаса, мешітке кіруге болмай- ды56.
4. Хайыз бен нифас кезінде әйел адамның ораза ұстауына болмайды.
5. Құранның бір аятын да оқи алмайды. Хазіреті Айша Пайғамбарымыздың жүніп кезінде Құран оқы- мағанын айтады57. Бірақ дұға ниетімен Құрандағы дұғаларды оқи алады. «Шәһадат» сөзін айтуға, тәкбір, са- лауат, зікір етуге болады. Әсіресе, нифас не хайыз мерзімі аяқталғанға дейін әйелдер намаз оқи алмағандықтан жиі- жиі дұға, салауат, зікір оқығаны абзал. Өйткені, жүніп, нифас, хайыз - адам бойындағы рухани ластық. Мұндай кездері адамды жындар иектегіш келеді. Әсіресе, жаңа босанған әйелдерге қауіпті. Жаңа туылған сәбилерге де
54 Бухари, Ғусул; 20.
55 Әбу Дәәуд, Таһарат: 97.
56 Ибн Мажә, Таһарат: 127.
абай болған жөн. Лас жындардың жабысатын уақыттары осындай кезеңдер. Сол себепті, жүніп болған адамдар тезірек ғұсыл алуға асығуы керек.
6. Құранды ұстай алмайды. Бірақ Құранды қабымен яки орамамен ұстауына болады.