Дәрет әдебі
1. Дәрет алған кезде құбылаға қарау.
2. Уақыт кірмей тұрып, дәрет алып, намазға әзір тұру.
3. Дәрет алған кезде су шашырамас үшін жоғарылау жерде болу.
4. Дәрет алған кезде біреуден себепсіз жәрдем сұрамау. Бірақ біреу қатты қалап, құрмет етсе, әдепке қайшы емес. Муғира ибн Шуғбә сапарда Пайғамбарымыз (с.а.у.) дәрет алған кезде су құйған79.
5. Дәрет алған кезде кең жүзіктерін қимылдату.
Егер жүзік тар болса, қимылдатып, су кіргізу парыз.
6. Дәретте ауыз бен мұрынға суды оң қолымен алып, сол қолымен шығару.
7. Мойнын мәсіх ету. Кейбір кітаптарда мойынға мәсіх ету - мұстахап, мәндүп, әдеп деп айтылған.
8. Мүшелерді жууға жетерліктей ғана су алу.
Теңізде болса да суды ысырап етуден сақ болу. Себебі, суды ысырап ету - мәкрүһ.
9. Дәрет алғанан кейін шаһадат сөзін айту және
дұға оқу.
10. Дәрет кезінде зәру бір жағдай болмаса, сөйлеспеу.
Өйткені, бөгдемен сөйлескенде дұға оқи алмайды.
11. Дәреттен артылған судан түрегеп тұрып, құбылаға қарап аздап су ішіп, «Я, Аллаһ Тағалам, мені әр күнә жасаған кезде тәубе етіп, күнәлардан бойын аулақ ұстап тазарған салиқалы құлдарыңнан ет» - деп дұға оқу.
79 Нәйлул-Әутәр, 1, 175.
оқу.
12. Дәреттен кейін екі немесе үш рет Қадір сүресін
13. Дәреттен кейін мәкрүһ уақыт болмаса, екі рәкат
нәпіл намазын оқу.
Дәрет мәкрүһтері
1. Дәрет алған кезде өлшемнен тыс артық су пайда- лану. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) дәрет алып жатып суды ысырап еткен адамға «өзеннің жағасында алсаң да, суды ысырап етпе» деп ескерткен.
2. Суды бетке немесе басқа мүшелерге шашыратып жуу. Бұл әдепсіздікке жатады.
3. Дәрет алу кезінде орынсыз сөйлеу.
4. Лас жерде дәрет алу.
5. Мұқтаж болмаса да басқалардан жәрдем сұрап, дәрет алуға су құйдыру.
6. Аузы берік адамның мадмада мен истиншақта
әсірелік жасауы. Мұнда тамаққа су кету қаупі бар.
Дәреттің дұғалары
Негізінде дәрет алған кезде айтылатын дұғалар хадисте жоқ. Сәләфи ғалымдарынан бізге жеткен бұл дұғалардың оқылуын Ханафи мен Мәликилер мұстахап санаған.
1. Дәрет алған кезде «Ә'узу» мен «Бисмиллаһ» деп мына дұға оқылады:
Оқылуы: «Әл-хамду лил-ләһил-
ләзи жә'алал-маә тәһурән уә жа'әләл-исламә нура».
Мағынасы: «Суды тазартушы, Исламды нұр еткен Аллаһ Тағалаға шүкір».
2. Ауызға су алғанда:
Оқылуы: «Аллаһуммас-қини мин хауди
нәбиикә кә'сән ләә әдмәу бә'дәһу әбәдә». Мағынасы:
«Аллаһым! Маған пайғамбарыңның хауызынан бір кесе су ішкіз. Сөйтіп мәңгі бақи шөлдемейтін болайын».
3. Мұрынға су тартқанда:
Оқылуы: «Аллаһумма ләә тахримни раайх -
та найймика уә жәннәтик». Мағынасы: «Аллаһым!
Мені нығметтерің мен жәннаттарыңның хош исінен мақұрым етпе».
4. Жүзін жуғанда: Оқылуы: «Аллаһумма бәййд уәжһи би-
нурикә иаумә тәбиәдду ужуһун уә тәсуәдду ужуһ».
Мағынасы: «Аллаһым! Кейбір жүздердің ағарып, кейбір жүздердің де қараятын күні менің жүзімді жарқын ет!».
5. Оң қолын жуғанда: Оқылуы: «Аллаһумма а'тини китәби би-
иәмини уә хасибни хисабан иәсирә». Мағынасы:
«Аллаһым! Маған кітабымды оң жағымнан бер және беретін есебімді жеңілдет!».
6. Сол қолын жуғанда: Оқылуы: «Аллаһумма
ләә ту'ти китаби бишимәәли уә ләә мин уәрәәи заһри уә
ләә тухаасибни хисәбән шәдидә». Мағынасы: «Аллаһым! Маған кітабымды солымнан да, арқа жағымнан да берме. Мені ауыр есепке тартпа».
7. Басқа мәсіх еткенде Оқылуы: «Аллаһумма ғашшини бирахмәтикә уә
анзил а'лаййа мин бәрәкатик». Мағынасы: «Аллаһым!
Мені рақымыңа бөлеп, берекетіңді жаудыр».
8. Құлақты мәсіх еткенде:
Оқылуы: «Аллаһуммаж'ални минәл-
ләзинә иәстами'унәл-қаулә фә иәттәби'унә әхсәнә».
Мағынасы: «Аллаһым! Мені хақ сөзді естіп, ең ізгі жолмен жүрушілерден ет!»
9. Мойнын мәсіх еткенде: Оқылуы: «Аллаһумма а'тиқ рақабәти минән-нәр».
Мағынасы: «Аллаһым! Денемді жаһаннам отынан азат ет!».
10. Аяқты жуғанда:
Оқылуы: «Аллаһумма сәббит қадамайиә ‘алас-
сирати иаумә тәзиллу фиһил-ақдам».
Мағынасы:«Аллаһым! Аяқтардың таятын күні екі аяғымды тура жолда мығым ет!».