Ислам ғылымхалы

Әжетхана әдебі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әжетханаға кірерде Пайғамбарымыздың мына дұғасы оқылады:
 «Аллаһумма инни
 ә'узу бика минал-хубси  уал-хабаис» - «Аллаһым,
ластықтан  және лас нәрселерден саған сиынамын». Бұдан кейін ішке кірерде - сол аяқпен, шығарда - оң аяқпен шығу. Дәрет сындырған адам сол қолын пай- далану керек. Пайғамбарымыз оң қолмен алуға тыйым салған30. Сыртқа шыққан кезде:


«Әлхамду лилләһил-ләзи әзһәбә ‘аннил- әзә уә ‘аафани», 

«Қиындықтан арылтып, жеңілдік
берген Аллаһқа шүкір» дұғасы оқылады.

 

Ел жүретін жерге дәрет сындыру дұрыс емес. Пайғамбарымыз: «Кімде-кім мұсылмандардың жүрген жолына дәрет сындырса, Аллаһ пен періштелер және барлық адамдар оған лағынет етсін»31   - деп қатты ескерткен. Басқа хадисте былай айтылады: «Үш нәрседен сақтаныңдар: Су қайнары, жол ортасы және көлеңке. Мұндай жерлерге дәрет сындырмаңдар»32. Аллаһ Елшісі осылайша тазалыққа қатты маңыз берген.

 

29 Ибн Рушд, Әбу Уәлид Мухаммәд ибн Ахмәд әл-Хафид. Бидайәту'л-Муштәһид уә  Ниһәиәту'л-Муктәсид. Станбул. 1933.
30 Бухари, Уду´, 1,11.
31 Мәжмәу´з-Зәуәид, І.204.
32 Муслим, Таһарат, 68.
 

Әжетханада Құран оқымау, сөйлемеу керек. Құбылаға қарап немесе арқасын беріп отыруға болмай-ды33.