«Сөзсіз, Аллаһ тәубе еткендер мен тазаланғандарды жақсы көреді»
«Бақара» сүресі
«Тазалық - иманның жартысы»
Хадис шәриф
Тазалық және көлемі
Ислам діні тазалыққа үлкен мән берген. Аллаһ Тағала алдына шығу үшін дене, киім және намаз оқитын жердің, жүректің тазалығын әмір еткен. Құранда тазалыққа үлкен мән бергендер мақталған және бұл Аллаһтың сүйіспеншілігіне лайық іс екені айтылған: «Сөзсіз, Аллаһ тәубе еткендер мен тазаланғандарды сүйеді»19. Негізінде, сыртқы тазалыққа қарағанда, жүрек тазалығы аса маңызды. Өйткені, сырты сұлу болғанмен, ішкі әлем кірленсе, ешкім иманның ақиқатына жете алмайды. Аллаһ мәңгілік бақытқа қол жеткізушілердің алғашқы сипатының тазалық екенін баяндайды: «Әлдекім тазар- са, ол құтылды. Ол Раббының атын еске алып, намаз оқыды»20. Құранда киім мен ғибадат жерінің тазалығына назар аударған.
Пайғамбарымыз тазалықтың маңыздылығы жайлы былай дейді: «Тазалық - иманның жартысы»21, «Аллаһ тазалықты жақсы көреді»22.
Ислам ғалымдары Құран мен хадистерге қарап, тазалықты төртке бөледі:
1. Дене, киім мен намаз оқитын жердің ластықтан
тазаруы.
19 Бақара, 2/222.
20 Ағла, 87/14-15.
21 Муслим, Таһарат, 1;
22 Тирмизи. Сунән. Египет. 1937. Әдеб, 41.
2. Өзін ғайбат, харам жеу, қиянат жасау, т.б. күнәлардан тазалау. Бұл тақуа жандардың иманын арт- тыру арқылы тазалану түрі.
3. Жүректің қызғаныш, өркөкіректік, рияшылдық, дұшпандық секілді жаман аурулардан тазалануы. Олардың орнын кішіпейілділік, тәубе, сабыр, үміт, сүйіспеншілік секілді көркем сипаттармен толтыру. Бұл
- тақуа жандардың иман мәртебесі.
4. Жүректің Аллаһтан басқа өзге барлық нәрседен тазалануы. «Ләә иләһә иллалаһ» (Аллаһтан басқа құдай жоқ) тәухид сөзінің жүректен толық орын алуы23.
Тазалау жолдары
1. Су арқылы тазалау. Су - негізгі тазартушы. Аллаһ Тағала Құранда былай дейді: «Және сендерді тазарту, өздеріңді шайтанның ластығынан арылту, жүректеріңді орнықтырып, табандарыңды бекіту үшін төбелеріңе көктен жаңбыр жаудыруда еді»24,
«Біз көктен таза жаңбыр жаудырдық»25. Тазалық үшін қолданылатын су: қар, бұршақ, жауын, құдық, теңіз, өзен, бұлақ, көл, сел сулары. Судың үш сипаты бар: реңі, исі, дәмі. Реңі өзгермеген, исі шықпаған, дәмі бұзылмаған су - таза.
2. Сұйық заттар: гүл суы, лимон, анар секілді жеміс суларымен киім және денедегі ластықтарды тазартуға болады. Бірақ дәрет, ғұсыл алынбайды. Ерітілген май, бал, сүт, ет суы, т.б. сұйық заттармен дәрет те, тазалық та жасалмайды.
23 Хамди Дөндерен. Делиллериле Ислам Илмихали. Станбул.
1991. 130-136.
24 Әнфал, 8/11.
Суда топырақ, кір жуу ұнтағы, сабын секілді заттардың құрамы аз болса, тазалаушы рөлін атқара алады. Сол секілді дәрет пен ғұсылда қолданылған су
«қолданылған су» деп аталады. Мұндай сумен ластықты тазалауға жараса да, дәрет, ғұсыл алынбайды26.
3. Сүрту арқылы тазалау: Пышақ, леген, шыны, т.б. сол секілділер кірленгенде топырақ немесе ылғал мата- мен ластық кеткенге дейін сүртсе, таза деп есептеледі. Мысалы, қой сойған пышақты жақсылап топыраққа ысқылап сүртсе, таза. Мұндай пышақты беліне байлап, намаз оқыса, намазы дұрыс. Дәлеліміз: Сахабалар соғыста дұшпанмен айқасып, кейіннен қылыштарын сүртіп, намаз оқыған.
4. Отқа қою арқылы тазалау: Темірде қан секілді лас нәрселер болса, оны темірді отқа қою арқылы тазалауға болады.
5. Доңыздан басқа кез-келген өлген хайуанның терісі иленсе, таза. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:
«Кез- келген тері иленсе, таза»27.
Таза саналған нәрселер
Исламда жер, су, өсімдіктер, ағаштар, жемістер, доңыздан басқа барлық жан-жануарлардың сыртқы денелері, тірі иттің жүні мен терісі таза. Сондықтан бұларға тиген су да таза саналады. Көгершін секілді жеуге болатын құстардың саңғырығы таза. Көкте ұшқан бір көгершін Ибн Омарға саңғып кеткенде, саңғырықты сүртіп тастап, намаз оқығаны осыған дәлел. Көшедегі
26 Кәсани, Алауиддин Әбу Бәкр ибн Мәсууд. Бәдәуи´с-Санай'и фи Тәртбиш-Шәрәй'и. Бәйрут.1974. 83-87.
27 Муслим, Хайыз, 105; Әбу Дәәуд, Либас, 38.
адамдарға шашыраған су таза. Өйткені, бұдан сақ болу қиын. Мұндай киіммен намаз оқуға болады. Бірақ, лас су екені анық білінсе, ол басқа мәселе28.
Нәжістер (таза саналмаған нәрселер)
Намазға кедергі жасайтын нәжістер: ауыр нәжіс және жеңіл нәжіс болып екіге бөлінеді. Ауыр саналғандар: егер қатты болса, төрт грамм салмағында, сұйық болса, алақан аясынан астам жерді қамтыған мөлшер киімде немесе намаз оқылатын жерде болса, намазға кедергі жа- сайды. Жеңілге келсек, бұл дененің яки киімнің төрттен бірінен аз мөлшері намазға кедергі жасамайды.
Ауыр ластық (нәжіс)
1. Адамның кіші, үлкен дәреті, уәди, мәзи, мәни, және ауыз толы құсық, денеден шыққан қандар, хайыз, нифас, истихада қандары.
2. Тауық, қаз, үйректің саңғырықтары.
3. Еті жеуге болмайтын хайуандардың тезектері мен лас сулары, сілекейлері және барлық жан-жануарлардың қандары.
4. Ішімдік. Киімге, денеге жұқса, тазалау қажет.
5. Арам өлген мал.
Жеңіл ластық (нәжіс)
1. Етін жеуге болатын қой, ешкі, жылқы секілді жануарлар мен жабайы аңдардың тезектері, лас сулары - Әбу Юсуп мен Имам Мұхаммедтің көзқарасы бойынша, жеңіл ластық.
28 Кәсани, а.а.е.
2. Етін жеуге болмайтын бүркіт, сауысқан секілді әуеде ұшқан құстардың саңғырықтары.
3. Әрбір малдың өті - сол малдың ластығы29.