Ислам ғылымхалы

Тауаптың дұрыс орындалуының шарттары

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1. Ниет.  Ниет - істелетін амалдың  жүрекпен бекітіліп белгіленуі. Ниетті тілмен айту - мұстахап. Ниетсіз жасалған тауап дұрыс емес. Ниетте жасалайын деп жатқан тауаптың түрін белгілеу шарт емес. Жалпы ғибадат ниетімен тауап жасауды ниет етсе жеткілікті. Умра тауабы үшін былай ниет етіледі: «Аллаһумма инни уриду тауафа байтикал-харам, уа иассирһу ли уа тақаббалһу минни саб'ата ашуатин тауафа ‘умрати лилләһи Тағала  а'зза уа жәлла» Қазақша мағынасы:

 

419 Парыз және уәжіп болмаған тауап.
420 Қағба.
421 Тирмизи, Хаж,41
.
 
«Аллаһым, мен сенің ризалығың үшін Қағбаны жеті рет айналу арқылы умра тауабын жасауды ниет еттім. Оны маған жеңілдет және менен қабыл ал». Қажылық тауабы үшін «тауафа ‘умрати» деудің орнына «тауафал-хаж» делінеді. Ниетті арабша айту шарт емес.
2. Тауапты Харам Мешітінің ішінде жасау. Адам тығыз болмаса да Мәсжидул-Харамның ішінде Қағба мен өзінің арасында дуал болмау шартымен Қағбадан алыстау жерде тауап жасауға болады. Бірақ Мәсжидул- Харам мешітінің сыртынан жасауға болмайды.
3. Жеті айналымның  кем дегенде  төртеуін жасау. Қалған үшеуін жасау уәжіп болғандықтан, жа- салмай қалған жағдайда да тауабы дұрыс деп есептеледі. Бірақ жасалмаған әр айналым үшін арнайы жазасы бар. Бұл парыз және уәжіп тауаптарға ғана байланысты. Ал сүннет және нәпіл тауаптарда қанша аз жасалса да жаза керек емес.
4. Парыз және уәжіп тауаптардың әрқайсысын арнайы белгіленген уақытында жасау.

 

Тауап уәжіптері

 

1. Тауап еткен уақытта әрқашан дәретті болу. Дәрет бұзылған жағдайда, тауап тоқтатылып, дәрет алынады. Сосын қалған айналымдар толықтырылып, тәмамдалады. Жүніп, хайыз және нифас күйінде тауап жасауға бол- майды.
 Әйелдер қажылық  уақытында хайыз күндерін кешіктіру  үшін дәрі қолдануларына бола ма?

Әйелдер хайыз күнінде Қағбаны тауап жасай алмайтындықтан, хайыз күндерін кешіктірулері үшін денсаулықтарына зияны тимейтін дәрі қолдануларына болады. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуірінде кейбір әйелдер «а'рәк» деп аталатын су ішу арқылы хайыз күндерін белгілі бір уақыт кешіктіретін-ді. Қазіргі заман- да әйел адамдардың денсаулыққа зияны тимейтін арнайы дәрілер арқылы қажылық уақытында хайыз күндерін кешіктірулеріне болады.

Қажылықтың үш парызының біреуі саналатын зиярат тауабының уақыты әйелдердің хайыз күндеріне тура келіп қалған жағдайда, бұл парызды қашан атқарады?

Меккеде хайыз күндерінің бітуін күтеді. Хайыз күндері біткеннен кейін міндетті түрде зиярат тауабын атқарулары керек. Зиярат тауабын кешіктіргендері үшін жаза өтелмейді. Егер зиярат тауабын хайыз, нифас яки жүніп күйінде жасап қойған жағдайда, әлі Меккеде болса, қайтадан жасау керек. Қайтадан жасамаған жағдайда, жаза ретінде түйе немесе сиырды Харам аумағында шалады.
2. Әйелдер мен еркектердің шариғатта әурет деп саналатын мүшелерінің жабық болуы. Негізінде әурет жердің жабық болуы әрқашан парыз. Тауапта уәжіптігінің себебі, ашық болған жағдайда белгілі бір жаза мен тау- апты қайтадан жасауды қажет еткендігі үшін. Парыз және уәжіп тауаптарында әурет деп саналатын кез келген мүшенің  төрт те бірі ашылса, жаза ретінде құрбан шалу - уәжіп. Төрт те бірінен  аз болса, құрбан шалу уәжіп емес. Нәпіл тауаптарда әурет мүшелерінің  біреуінің төртте бірі ашылса, жаза ретінде садақа беріледі. Әйелдің қолы, жүзі және аяқтарынан басқа барлық жерлері әурет жері саналады. Ал еркектің әурет жері - кіндігі мен тізесінің арасындағы тұс.
3. Тауапқа Хажарул-Әсуәддің (қара  тастың) қарсысынан бастау
4. Тауап еткен уақытта Қағбаны сол жаққа алып, оң жақпен жүру
5. Тауапты «Хатим» деген жердің сыртынан жасау. Өйткені «Хатим» деген жер Қағбаның бір бөлігі сана- лады. Хатимнің сыртынан  жасалмаған айналымдар (шауттардың) қайтадан жасалуы тиіс.
6. Алғашқы төрт айналымы парыз болған Ифада, Умра, Уадағ тауаптарын жеті айналыммен (шаутпен) тәмамдау - уәжіп.
7. Тауапты жаяу жасау. Ауруына немесе кәрілікке байланысты жүре алмайтындар арнайы зембілдер арқылы тауап еттіріледі.
8. Барлық тауап түрлерінен (парыз,уәжіп,нәпіл) кейін екі рәкат намаз оқу. Мәкрүһ уақыттардан тыс барлық уақыттарда екі рәкат намазды тауаптан кейін дереу оқу
- абзал. Кейін оқыса да болады. Бір тауаптан (Қағбаны  жеті рет айналу бір тауап) кейін, екінші тауапты екі рәкат намаз оқымастан жасау - мәкрүһ. Мүмкін жағдайда атал- мыш екі рәкат намазды Ибраһим мақамында оқыған жөн. Мүмкін болмаған жағдайда, Мәсжидул-Харамның кез- келген жерінде оқуға болады. Ибраһим мақамында ғана оқимын деп адамдарды жаншып, таптауға қатаң тыйым салынады.


Тауап сүннеттері

 

Тауаптың сүннеттерін орындау - сауап, бірақ орындалмаған жағдайда да  тауап дұрыс  болып есептелінеді.
1. Денеде немесе киімде намазға бөгет жасайтын нәжістің болмауы
2. Тауапқа бастаған уақытта және әр айналымның соңында Хажарул-Әсуәдді (қара тасты) сүю немесе сәлем беру.
Кейбір адамдар қара тас сүйілмей қалған жағдайда немесе қолмен ұстамаған жағдайда, қажылық ғибадаты қабыл болмай қалады деген қате түсінікпен, адамдарды итермелеп, жаншып-таптап, тіпті ренжітіп, жанжалда- сып, сүюге тырысып жатады. Әрине, бұл іс-әрекеттер дінді дұрыс білмегендіктен.  Әйтпесе қасиетті қара тасты сүю - сүннет, ал, адамдардың мазасын алмау, ренжітпеу - парыз. Істелмей қалған жағдайда күнә болмайтын сүннет амалын істеу үшін парызды тастап, күнәға батуға болмайды. Өйткені парызды істемеген уақыттағы күнә сүннеттің сауабынан басым. Олай болса, адамдардың тығыз, көптігіне байланысты қасиетті қара тасқа бара алмағандар алыстан бұрылып, сәлем береді. Пайғамбарымыз  (с.а.у.) кейде қасиетті қара тастың қарсысына келіп, қолындағы таяғымен сәлем бергендігі риуаят етілген.
1. Зиярат тауабын жасаған уақытта дененің үстіңгі жағындағы «рида» деп аталатын жапқыштың бір ұшын оң қолтықтың астынан өткізіп, сол иыққа тастап, оң қолды иықпен бірге ашық тастау. Ихрамды бұлай ора- нуды «изтиба» дейді. Әйелдер изтиба жасамайды.
2. Зиярат тауабының алғашқы үш айналымында иықтарды сілтіген бойда қысқа адымдармен жылдам- жылдам жүру. Бұлай жүруге «рәмәл» делінеді.
3. Тауаптың айналымдарын бірінен кейін бірін істеу. Дәрет алу үшін айналымды тоқтатуға болады.
4. Ер адамдардың мүмкіндіктеріне қарай Қағбаға жақын тауап жасаулары, ал әйелдердің еркектердің арасына араласпайтындай жерден тауап жасаулары сүннет.