Жуалы ауданының Шақпақ ауылдық округіндегі «Ынтымақ» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Жуалы ауданының Шақпақ ауылдық округіндегі «Ынтымақ» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Қордай ауданы, Жамбыл ауылындағы «Әл Хафиз» мешітінде «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде жұма намазы барысында жамағатқа тағылымды насихат айтылды. Жұма уағызының тақырыбы – «Әділдік – ауқымы кең, мағынасы терең ұғым».
Қордай ауданы, Сортөбе ауылындағы «Ал Хаким» мешітінде жұма намазы барысында жамағатқа тағылымды насихат айтылды. Жұма уағызының тақырыбы – «Әділдік – ауқымы кең, мағынасы терең ұғым». Насихатты аймаққа жауапты ұстаз Әнебеков Жанұзақ жүргізді.
Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде сүндетке отырғызылған екі балаға арнайы көңіл бөлініп, игі тілек пен бата берілді. Мешіттің бас имамы Азамат Берікұлы сүндеттелген балаларды құттықтап, ата-аналарына алғысын білдірді.
Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде жамағатқа Мәуліт айының кіруіне орай арнайы насихат айтылды. Ауданның бас имамы Азамат Берікұлы жамағатқа Мәуліт айының маңызы мен берекесі жайлы кеңінен түсіндіріп, бұл айда ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) өнегелі өмірі мен көркем мінезін танып-білуге, салауатты көп айтуға және ізгі амалдарды арттыруға шақырды.