Қордай: Сүндетке отырғызылған екі балаға бата мен сыйлық берілді

Қордай: Сүндетке отырғызылған екі балаға бата мен сыйлық берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде сүндетке отырғызылған екі балаға арнайы көңіл бөлініп, игі тілек пен бата берілді. Мешіттің бас имамы Азамат Берікұлы сүндеттелген балаларды құттықтап, ата-аналарына алғысын білдірді.

Сонымен қатар, балаларға сыйлықтар табыстап, дендеріне саулық, өмірлеріне береке, білім мен тәрбиеде биіктен көрінулерін тіледі. Сүндет – халқымыздың салт-дәстүрінде де, мұсылмандық жолда да маңызды орын алатын игі амалдардың бірі. Осы орайда балаларға сүндеттің мән-маңызы түсіндіріліп, имандылыққа, ізгілікке және жақсы мінез-құлыққа ұмтылу жөнінде насихат айтылды.

Шара барысында балаларға ақ батасын берген бас имам олардың ата-аналарына бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, ұрпағын ізгілікке баулуға шақырды. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, ұрпағымыз салихалы болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: