Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде жамағатқа Мәуліт айының кіруіне орай арнайы насихат айтылды. Ауданның бас имамы Азамат Берікұлы жамағатқа Мәуліт айының маңызы мен берекесі жайлы кеңінен түсіндіріп, бұл айда ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) өнегелі өмірі мен көркем мінезін танып-білуге, салауатты көп айтуға және ізгі амалдарды арттыруға шақырды. Насихат барысында Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) адамзатқа үлгі болған көркем мінезі, мейірімділігі, кешірімділігі мен адам арасындағы татулық пен бауырмалдықты дәріптеген өнегесі сөз болды.
Сонымен қатар жамағатқа Мәуліт айын рухани тұрғыдан тиімді өткізіп, құлшылыққа көңіл бөлу, жақсылық жасау, мұқтаж жандарға қолдау көрсету және қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайту маңызды екені айтылды. Жиын соңында жамағатқа Мәуліт айының берекесін сезініп, ізгі амалдарды көбейтіп, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) сүннетін өмірлеріне үлгі етуге насихат жасалды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


21 Тамыз 2026
7 Раби-авваль 1448

