Қордай ауданы, Сортөбе ауылындағы «Ал Хаким» мешітінде жұма намазы барысында жамағатқа тағылымды насихат айтылды. Жұма уағызының тақырыбы – «Әділдік – ауқымы кең, мағынасы терең ұғым». Насихатты аймаққа жауапты ұстаз Әнебеков Жанұзақ жүргізді.
Уағыз барысында әділдіктің адам өміріндегі орны мен маңызы, оның қоғамдағы тұрақтылық пен өзара сыйластықты қалыптастырудағы рөлі кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, мұсылман баласының қандай жағдайда да әділдік пен адалдықты ұстануы, өзгенің ақысын жемеуі, аманатқа қиянат жасамауы және әрбір ісіне жауапкершілікпен қарауы жөнінде насихат айтылды.
Жамағатқа әділдік тек төрелік айтуда ғана емес, адамның отбасына, жақындарына, көршілеріне және жалпы қоғамға деген қарым-қатынасынан көрінетіні түсіндірілді. Жұма насихаты соңында жамағат елдің амандығы мен жұрттың тыныштығын тілеп, дұға жасады.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


21 Тамыз 2026
7 Раби-авваль 1448

