Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде жұма намазы барысында жамағатқа тағылымды насихат айтылды. Жұма уағызының тақырыбы – «Әділдік – ауқымы кең, мағынасы терең ұғым».
Жұма уағызын ауданның бас имамы Азамат Берікұлы жүргізді. Уағыз барысында әділдіктің адам өміріндегі маңызы, оның жеке тұлға мен қоғам арасындағы қарым-қатынастағы орны кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, әрбір мұсылманның өз ісі мен сөзіне жауапкершілікпен қарап, қандай жағдайда да әділдік пен адалдықты ту етудің маңыздылығы айтылды.
Әділ болу – тек біреуге дұрыс төрелік айту ғана емес, өзіне, отбасына, жақындарына және қоғамға деген жауапкершілікті сезіну екені жеткізілді. Жамағатқа Құран мен сүннетте баяндалған әділдік қағидаларын ұстанып, адамдардың ақысына құрметпен қарауға, аманатқа адал болуға және көркем мінезді қалыптастыруға шақырылды. Жұма насихаты соңында елдің амандығы, жұрттың тыныштығы мен берекесі үшін дұға жасалды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


21 Тамыз 2026
7 Раби-авваль 1448

