Қордай ауданы, Сортөбе ауылындағы «Имамдар үйінде» Сортөбе және Ауқатты ауылдарындағы мешіт имамдарының қатысуымен қазақ тілі курсы өткізілуде.
Қордай ауданы, Сортөбе ауылындағы «Имамдар үйінде» Сортөбе және Ауқатты ауылдарындағы мешіт имамдарының қатысуымен қазақ тілі курсы өткізілуде.
Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы іссапармен Масаншы ауылындағы «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығына барып, жаңа оқу жылына қабылданып жатқан шәкірттермен танысты. Сапар барысында аудан бас имамы орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып, жаңа оқу жылына қабылданып жатқан шәкірттермен жүздесті.
Қордай ауданы, Масаншы ауылында мешіт имамдарына арналған қазақ тілі курсы өткізілуде. Курс барысында имамдардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру, қазақ тілінде еркін сөйлеп, жамағатпен және қоғаммен сапалы қарым-қатынас орнатуына жағдай жасау мақсат етілуде.
Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы Масаншы ауылындағы «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығында білім алып жатқан шәкірттермен кездесу өткізді.
Қордай ауданы, Қордай ауылындағы «Рахман» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасын тапты.
"Әбдірашит ата" мешітінде жамағатқа деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізер қаупі мен олардан сақтану жолдары туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді.