Қордай ауданы, Жамбыл ауылындағы «Әл Хафиз» мешітінде «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Ізгі шараны мешіт имамы Таукеев Талғат ұйымдастырып, әлеуметтік қолдауды қажет ететін 10 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдары таратылды. Қайырымдылық шарасының мақсаты – оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық барысында қолдау көрсету, білім алуға ынталандыру және балаларға қуаныш сыйлау.
Шара барысында оқушыларға дәптер, қалам, оқу құралдары сынды қажетті заттар табысталып, жаңа оқу жылына сәттілік тілектер айтылды. Осындай игі бастамалар мешіт пен жамағаттың қоғамға жанашырлық танытып, балалардың білім алуына қолдау көрсетуге бағытталған. Алла Тағала баршамызға жеңілдік берсін, игі амалдарымыз қабыл болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



21 Тамыз 2026
7 Раби-авваль 1448

