Жуалы: «Ынтымақ» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Жуалы: «Ынтымақ» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданының Шақпақ ауылдық округіндегі «Ынтымақ» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Шара барысында ауыл молдасы Ермекбай Шотбайұлы ауылдағы тұрмысы төмен, әлеуметтік қолдауды қажет ететін үш отбасының шаңырағына арнайы барып, олардың жағдайымен танысты. Мешіт тарапынан аталған отбасыларға үш кілем табысталып, қайырымдылық көмек көрсетілді.

Игі шараның мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау білдіріп, мешіт пен жамағат арасындағы өзара жанашырлық пен мейірімділікті арттыру. Қайырымдылық – қоғамдағы бірлік пен берекені нығайтатын сауапты амалдардың бірі.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: